| Асхат Тазетдинұлы Ашрапов | |
| башқ. Әсхәт Тазетдин улы Ашрапов | |
Ашрапов әйелі Лидия Ашраповамен бірге. Түсірілген жылы белгісіз | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 15 сәуір 1931 |
| Туған жері | Кияуково, Ишимбай ауданы, Башқортостан, РКФСР |
| Қайтыс болған күні | 19 сәуір 2008 (77 жас) |
| Қайтыс болған жері | Қырым, Украина |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр, оператор |
| Белсенді жылдары | 1955-1990 |
Асхат Тазетдинұлы Ашрапов (15 сәуір 1931, Башқортостан, Ишимбай ауданы, Кияуково ауылы - 19 сәуір 2008) — кинооператор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1980), КСРО Киноматографистер одағының мүшесі (1958).
Өмірбаяны
- 1955 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының (А.В. Гальперин мен Э.К. Тиссэнің шеберханасы бойынша) бітірген
- “Қазақфильмде” жұмыс істеді. Алғашында деректі фильмдер түсіріп, кейін көркем фильмдерге ауысты.
90-шы жылдары "Қазақфильм" киностудиясындағы мансабын аяқтап, әйелі Лидия Ашраповамен бірге Ресейге, Мәскеу облысына көшті.
1990 жылы Ашрапов әйелімен бірге "Альянс" кинофирмасын құрды.
Соңғы 17 жылын Ашрапов науқас күйінде Қырымда өткізді.
Түсірген көркем фильмдері
- "Егер біздің әрқайсысымыз" (1961)
- “Ана туралы аңыз” (1963, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1966)
- "Көкжиектен асқан іздер"(1964)
- “Шыңдағы шынар” (1965)
- “Артымызда Москва” (1967)
- “Қыз Жібек” (1970, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1972)
- “Атаманның ақыры” (1970)
- “Гауһартас” (1975)
- “Қан мен тер” (1978)
- "Алатаудың күміс мүйізі" (1979)
- “Біз ересекпіз” (1980)
- “Тоғызыншы ұлдан сақтан” (1983)
- “Өзіңнен баста” (1985, бейнефильм)
- “Түркісіб” (1986-87) т.б. белгілі кинотуындыларды түсіруге қатысты.
Түсірген деректі фильмдері
- “Ас атасы — нан” (1958)
- “Тыңдағы мал шаруашылығы” (1958)
- “Қазақстанның Мәскеудегі онкүндігі”
- “Халықаралық жастар фестивалі” (1959)
- “Медеудегі кездесу” (1976)
- “Мәжит Бегалин” (1981)
- “Жетісудің 8-өзені” (1984)
- “Алатаудың аймүйізі” (1980) сияқты деректі фильмдер түсірген.
Оның түсірген фильмдері операторлық шешімінің сонылығымен, суреткерлік құралдарының молдығымен ерекшеленеді.
Фильмографиясы
Режиссер ретінде
- 1973 - Ақ аруана
- 1976 - Медеудегі кездесулер
- 1990 - Бір ұя қасқыр
Оператор ретінде
- 1955 - Ана мен бала
- 1961 - Егер біздің әрқайсымыз...
- 1963 - Ана туралы аңыз
- 1964 - Тұлпардың ізі
- 1965 - Шыңдағы шынарда
- 1967 - Ел басына күн туса
- 1969-1970 - Қыз Жібек
- 1970 - Атаманның ақыры
- 1973 - Ақ аруана
- 1975 - Гауһартас
- 1976 - Медеудегі кездесулер
- 1978 - Қан мен тер
- 1979 - Күміс мүйіз Алатау
- 1980 - Біз - ересекпіз
- 1984 - Тоғызыншы ұлдан сақтан
- 1986 - Түрксіб
Марапаттары
- Еңбек қызыл Ту ордені
- Медальдармен марапатталған. .
- 15 сәуірде туғандар
- 1931 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ишимбай ауданында туғандар
- 19 сәуірде қайтыс болғандар
- 2008 жылы қайтыс болғандар
- Қырымда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- КСРО кинорежиссёрлері
- Қазақстан кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша кинооператорлар
- КСРО кинооператорлары
- Қазақстан кинооператорлары
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақфильм тұлғалары
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
