Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы.

Абыл Тарақұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Абыл
Толық аты

Абылай Тарақұлы

Туған күні

1820 (1820)

Туған жері

Желтау, Оймауыт Байғанин ауданы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1892 (1892)

Қайтыс болған жері

Желтау, Оймауыт, Байғанин ауданы, Ресей империясы

Мемлекет

Ресей империясы

Мамандықтары

күйші

Аспаптары

домбыра

Жанрлары

фольклорлық музыка

Абыл (шын аты – Абылай) Тарақұлы (1820, Оймауыт-Желтау мекені – 1892, сонда) – күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы.

Өмірбаяны

Бала кезінде еркелетіп Абыл атанған; жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда, Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық-күйшілік өнерімен танылған.

Абыл Қазақстанның батыс аймағын, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Хиуа аумағын аралап, сан рет күйшілер өнерінің сайысына түскен.

Күйлері

Абылдың:

  • «Абыл»,
  • «Ақжелең» (А. нұсқасы),
  • «Нар ату»,
  • «Ақсақ құлан»,
  • «Кеңес»,
  • «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған.

Мәнері мен шәкірттері

Стильдік жағынан оған шалқыма пошымы, нәзік қайырымдар, күрделі үндестік тән.

Есбай (Тазбала), Алтынай, Сәулебай, Өскенбай, Арал, Құлшар, Қауен, Есір, т.б. күйшілер өздерін Абылдың шәкірті санаған әрі оның күйшілік өнерін, орындаушылық дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа жеткізген.

Жоғары