| Жалпақтұмсық үйрек | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Кежек ![]() Мекиен | ||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||
![]() Least Concern (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Anas clypeata Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Spatula clypeata (but see text) |

Жалпақтұмсық үйрек (лат. Anas clypeata) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын су құсы.
Қазақстанның далалы және орманды дала белдеміндегі су айдындарында кездеседі.
Дене тұрқы 28 – 30 см, қанатының ұзындығы 20 – 26 см, салмағы 0,5 – 0,8 кг. Кежегінің басы мен бауыры қара, бүйірі жолақты, қанаты көгілдір, кеудесі ақ. Ал мекиенінің түсі қоңырқай болады. Басқа үйректерден қасық тәрізді жалпақ тұмсығымен ерекшеленеді. Баяу, көбіне үнсіз ұшады. Жыл құсы. Сәуірдің аяғы - мамырдың басында ұшып келіп, қыркүйек – қазан айларында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда қыстайды. Жерге не шөп, бұта арасына ұя салады. Салған 7 – 13 сұр жұмыртқаларын мекиені 22 – 23 күнде басып шығарады. Судағы жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді. Жалпақтұмсық үйрек әуесқойлық мақсатта ауланады.
- Қауіптен тыс түрлер
- Өзен үйректері
- Еуразия құстары
- Солтүстік Америка құстары
- Африка құстары
- Нағыз үйректер
- 1758 жылы зерттелген жануарлар