Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінде орналасқан, солтүстік-батыс жағалауында Байдалы ауылы жайғасқан.

Байдалы (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Байдалы
Морфометрия
Өлшемі2,1 × 1,7 км
Жағалау сызығының ұзындығы6,1 км
Орналасуы
50°37′48″ с. е. 72°09′37″ ш. б. / 50.63000° с. е. 72.16028° ш. б. / 50.63000; 72.16028 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°37′48″ с. е. 72°09′37″ ш. б. / 50.63000° с. е. 72.16028° ш. б. / 50.63000; 72.16028 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
АуданАршалы ауданы
Байдалы
Байдалы (көл) (Ақмола облысы)
Байдалы
 Басқа мағыналар үшін Байдалы деген бетті қараңыз.

Байдалы — Уызбай шоқысының солтүстік-шығысындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінде орналасқан, солтүстік-батыс жағалауында Байдалы ауылы жайғасқан.

Көл туралы аңыз

Аңыз бойынша, осы жерлерден Абылай хан әскерлерімен жүріп өткен деседі. Оның нөкерлерінің арасында алғыр ойымен және тауып айтқыштығымен көзге түскен Байдалы би болыпты. Бірде хан жазықты болғаны үшін жас батырлардың бірін жазалауға бұйырады. Ағаш үшбұрыш-таған жасап, соның ішіне жазықты батырды жүресінен отырғызып қояды. Тағанның ішінде отырған байғұс батырдың кешірім сұрауға да қауқары қалмайды. Бұл жігіт пен Байдалы би бір рудан екен. Сонда Байдалы би: «Көзің бақырайып не ғып отырсың? Тым болмаса, өлім алдындағы ешкідей маңырамайсың ба?!» дейді. Жігіт үндемейді. Тек көзімен ғана өзіне рақым етуін сұрайды. Байдалы би Абылай ханға қарап: «Ей, хан, сен қазақтардың ханысың, халық сені сайлады. Егер бұзақы топ келіп, саған жабылса, қайтер едің? Сонда сені кім қорғайды, бұл жігіт сенің күзетшің емес пе? Оны босат... Адамдардың соңына түспе!» дейді. Абылай хан Байдалы бидің сөзінің әділ екенін мойындап, жігітті босатуға әмір етеді. Содан бері көл «Байдалы» деп аталады, ал жанындағы асу «Абылай хан да өте алмайтын асу» деп аталыпты.

Гидрографикасы

Ұзындығы 2,1 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 6,1 км.

Жоғары