| Дәулет Мықтыбаев | |
| Туған күні | 1 қаңтар 1904 |
|---|---|
| Туған жері | |
| Қайтыс болған күні | 4 тамыз 1970 (66 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы |
| Мемлекет |
|
| Аспаптары | қобыз |
Дәулет Мықтыбаев (1 қаңтар, 1904, Қорғалжын ауданы – 4 тамыз, 1970, Алматы) — қобызшы.
Өмірбаяны
Қобыз тарту өнерін Ықыластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан үйренген. Мықтыбаевтың сазгерлік қырының қалыптасуына қобызшы Түсіпбектің (Ықыластың ұлы) ықпалы көп тиген, одан ол «Кер толғау», «Тоғыз тарау», «Қорқыт» күйлерінің орындалу мәнерін бойына сіңіреді. 1933 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде қызмет істеді. 1937 жылы Қарағанды филармониясының қобызда жеке орындаушысы. 1945–1965 жылдары Қазақ филармониясының және «Қазақконцерттің» қобызда жеке орындаушысы. 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында қылқобыз класы бойынша оқытушы болды.
Гастрольдік сапарлары
1934 жылы Алматыда өткен 1-Жалпықазақстандық халық өнерпаздарының слетіне қатысты.
Орындаулары
Қазақ радиосының алтын қорында Мықтыбаевтың орындауындағы:
- «Аққу»
- «Ерден»
- «Қазақ»
- «Жолаушының қоңыр күйі»
- «Қамбар»
- «Кертолғау»
- «Шыңырау»
- «Жалғыз аяқ»
- «Сарын»
- «Сары дала» күйлері сақталған.
Оның қобыз тартудағы өзіндік жаңа тәсілдері оның орындаушылық стилін ерекше әрі қайталанбас деңгейге көтерді. Мықтыбаев ұлттық музыкалық мұраны, орындаушылық дәстүрлерін насихаттауға және танымал етуге зор үлес қосты.
Отбасы
Дәулеттің әкесі Мықтыбай, оның әкесі Әупік Тыныбекұлы Өксікбайдың қарындасы Маржанға үйленген екен. Мықтыбайдың өзі де Барақ Таманың қызына үйленіпті. Дәулет өзі жайлы әңгіме айтқанда, оның қобызға құмарлығы нағашы жұртынан жұққан екен. Қарауыл мен Өксікбай қобызшы болыпты.
- 1 қаңтарда туғандар
- 1904 жылы туғандар
- 4 тамызда қайтыс болғандар
- 1970 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қорғалжын ауданында туғандар
- Қобызшылар
- Қазақконцерт әртістері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары