Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

44°51′47″ с. е. 79°08′54″ ш. б. / 44.86306° с. е. 79.14833° ш. б. / 44.86306; 79.14833 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°51′47″ с. е. 79°08′54″ ш. б. / 44.86306° с. е

Қойтас жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қойтас

Жетісу Алатауындағы Қойтас жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу Алатауы

Ұзындығы

22 км

Ені

7 км

Биіктігі

3386 м

Орналасуы

44°51′47″ с. е. 79°08′54″ ш. б. / 44.86306° с. е. 79.14833° ш. б. / 44.86306; 79.14833 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°51′47″ с. е. 79°08′54″ ш. б. / 44.86306° с. е. 79.14833° ш. б. / 44.86306; 79.14833 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Жетісу облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылының шығысы

Қойтас (Қазақстан)
Қойтас (Қазақстан)
Қойтас
Қойтас (Жетісу облысы)
Қойтас
 Басқа мағыналар үшін Қойтас (айрық) деген бетті қараңыз.

Қойтас жотасыЖетісу Алатауының батысында, Жаманкөл жотасының оңтүстігіндегі жота.

Географиялық орны

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылының шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3386 м.

Сипаты

Шығыстан батысқа қарай ендік бағытта 22 км-ге созылған, енді жері 7 км-ге жуық. Батыс бөлігі тік шатқалды, шығысқа қарай төмендеп өзен аңғарына ұласады. Түпкі тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Таудың қара және қоңыр топырағында далалық және астық тұқымдас өсімдіктермен бірге субальпілік шалғын, сирек орман өседі.

Жоғары