| Үлкен Сабасалды өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 69 км |
| Су алабының ауданы | 1280 км² |
| Су алабы | Торғай |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Сарыарқаның батысындағы Қайыңдышоқының оңтүстігі |
| Сағасы | Қараторғай өзені |
| • Орналасқан жері | Жаңақала ауылының солтүстігі |
| • Координаттары | 49°50′11″ с. е. 66°06′29″ ш. б. / 49.83639° с. е. 66.10806° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°50′11″ с. е. 66°06′29″ ш. б. / 49.83639° с. е. 66.10806° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы Амангелді ауданы |
Үлкен Сабасалды – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қостанай облысы Амангелді ауданы жерімен ағады. Жақсысаба бастауынан есептегенде ұзындығы 69 км. Су жиналатын алабы 1280 км2.
Бастауы
Сарыарқаның батысындағы Қайыңдышоқының оңтүстігінен басталып, Жаңақала ауылының солтүстігінде Қараторғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, тек Талайрық сағасынан төмендегенде 50 — 300 м-ге тарылады. Жауын-шашын (80 — 90%), жер асты (10 — 20%) суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлінеді. Орташа көп жылдық су ағымы 0,55 м3/с. Лайлылығы 200 — 400 г/м3. Мал суарылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Амангелді ауданы өзендері
- Торғай су алабы