Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Македония соғысы (Macedonian Wars), Римнің Филлип V Македойскиймен және оның мұрагері Персемен болған үш соғыс (біздің эрамызға дейінгі 215-205, біздің эрамызға

Македония соғысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Македония соғысы (Macedonian Wars), Римнің Филлип V Македойскиймен және оның мұрагері Персемен болған үш соғыс (біздің эрамызға дейінгі 215-205, біздің эрамызға дейінгі 200-197, біздің эрамызға дейінгі 171-167). .

Бірінші Македония соғысы

Бірінші македония соғысы екінші Пуникалық соғыспен бірдей уақытта жүріп жатты, бұл Македония үшін сәтті аяқталды. Дегенмен екі жеңіс Рим үшін болды.

Екінші Македония соғысы

Македония Карфаген мен Селевкида арасын одақтастырса, Рим Этолий мен Пергам арасын одақтастырды. Б.з.д. 197 жылы Филипп V Киноскефалы шайқасында өз әскерінің жартысынан айрылып, кіріптар жағдайда бейбіт келісімге қол қойды. Ол бойынша Македония Фракия мен Беотиядан айрылды және Грекия істеріне мүлдем араласпауы тиіс болды.

Үшінші Македония соғысы

Филипп V-тің екі ұлы болды: Персе және Деметрий. Соңғысын Македония дворяндары Римге тым жақын деп күдіктеніп, улап өлтірді. Персе әрқашан анти - Римдік позиция ұстанды және соғысқа дайындала бастады. Рим мен Македония соғыс жариялағанда, Македонияның барлық одақтастары оны тастап кетті.

Соғыстың бастапқы кезеңінде римдіктер ешқандай ірі жетістікке жетпеді. Персе Македонияға өтетін барлық перевалдарды жауып тастап, маневрлік соғыс тактикасын ұстанды.

Жағдай б.з.д. 168 жылы Рим әскерінің консулы тәжірибелі Луций Эмилий Павел болып сайланғанда өзгерді. Ол күшпен барлық блокталған перевалдарды алды. Ірі шайқас жақындады.

Пидне үшін (б.з.д. 168) шайқаста Римдіктер жеңіске жеткен соң, Македония аумағы төрт бөлікке бөлінді.

Төртінші Македония соғысы

Б.з.д 149-148 тұтанған Андроник көтерілісін төртінші македон соғысы деп санауға болады, онда Рим толығымен жеңіске жетті, соның негізінде Балқан түбегіндегі бірінші рим провинциясы Македонияға айналды.

Жоғары