Эмиль Золя (фр: Émile Zola; Париж 1840 – 1902, сонда) — француз жазушысы, публицист және саясаткер.
| Эмиль Золя | |
| Émile Zola | |
| |
| Туған кездегі есімі | фр. Émile Édouard Charles Antoine Zola |
|---|---|
| Туған күні | 2 сәуір 1840 |
| Туған жері | Париж, Франция |
| Қайтыс болған күні | 29 қыркүйек 1902 (62 жас) |
| Қайтыс болған жері | Париж |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | Француз |
| Қызметі | Жазушы, Журналист, Публицист |
| Қолтаңбасы |
|
Ортаққордағы Эмиль Золя | |
Экс қаласындағы колледжді (1858), Париждегі лицейді (1860) бітірген. “Клодтың өсиеті” деген алғашқы романы 1865 жылы жарық көрді. “Ругон Маккарлар. Екінші Империя заманындағы бір отбасының табиғи және әлеуметтік тарихы” атты 20 кітаптан тұратын романдар сериясын (1871–93), “Үш қала” трилогиясын (“Лурд”, 1894; “Рим”, 1896; “Париж”, 1898), “Төрт інжіл” тетралогиясын (“Өсімталдық”, 1899; “Еңбек”, 1901; “Шындық”, 1903; “Әділеттік” аяқталмаған). “Нинон ертегілері” (1864), “Нинонның жаңа ертегілері” (1874), “Капитан Брюль” (1882) новеллалар кітаптарын, т.б. жазды. Золя әрқашан демократияны жақтады, әскери реакция мен діни астамдықты айыптады. “Әңгімелер мен мақалалары” (1956), “Наурыз” романы (1984; аударған М.Нұртазин) қазақ тілінде жарық көрген.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 2 сәуірде туғандар
- 1840 жылы туғандар
- 29 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 1902 жылы қайтыс болғандар
- Тұлғалар
