Мұхаммед Данышменди
МҰХАММЕД ДАНЫШМЕНДИ, Мұхаммед Данышменде әл-Зарнуқи – діни ғұлама. Маңғыт руынан шыққан, Қожа Ахмет Иасауи шәкірттерінің бірі, ұстазының “Мират ул-Қулуб” атты еңбегін жинақтаған. “Жами әл-Муршидин” кітабында ислам дінін ұстанушыларға арнап мектеп ашқан тұлға ретінде танылады. Ол Иасауимен бірге 40 рет қылуетке түсіп, оның рұқсатымен Отырарда 40 жыл ұстаздық еткен. Діни әңгімелерде тариқат пен шариатты ұштастырған діндар екендігі айтылады.
Сілтемелер
- ғұлама
- Маңғыт
- Қожа Ахмет Иасауи
Толықтыру
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Санат:
- Тарих