| Қараой жазығы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 1080 м |
| Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | ~ 20 км |
| Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | ~ 50 км |
| Өзендер | Жыңғылды, Қопалысай |
| Орналасуы | |
| 43°48′04″ с. е. 75°08′04″ ш. б. / 43.801090° с. е. 75.134394° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°48′04″ с. е. 75°08′04″ ш. б. / 43.801090° с. е. 75.134394° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақтар | Алматы облысы, Жамбыл облысы |
Қараой жазығы – Жамбыл облысы Қордай және Алматы облысы Жамбыл аудандары жерінде орналасқан жазық.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Оңтүстігінде Құлжабасы тауы арқылы Қопа жазығымен шектеседі. Ұзындығы 45 – 50 км, енді жері 18 – 20 км, теңіз деңгейінен 1050 – 1080 м биіктікте.
Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы пермьнің эффузиялық және ордовиктің шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі
Жазықтық сұр, сортаңды сұр топырағында сұр жусан, бұйырғын, баялыш, т.б. эфемероидті шөптесіндер өскен жазықтың батысындағы Қопалысай және Жыңғылды өзендері аңғарлары мал жайылымы саналады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша жазықтар
- Алматы облысы географиясы
- Жамбыл облысы географиясы
- Қазақстан жазықтары
