Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мүсілім Базарбаев (15 мамыр 1927(19270515)Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9 қараша 1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарыны

Мүсілім Базарбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мүсілім Базарбаев
Туған күні

15 мамыр 1927 (1927-05-15)

Туған жері

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Кекірелі ауылы

Қайтыс болған күні

9 қараша 1995 (1995-11-09)(68 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Қызметі

мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Мәдениет министрі, Сыртқы істер министрі

Білімі

ҚазМУ (1948)

Мамандығы

әдебиеттанушы

Марапаттары мен сыйлықтары

Мүсілім Базарбаев (15 мамыр 1927(19270515)Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9 қараша 1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1993).

ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956–1961), Әдебиет және өнер институтының директоры (1961–1970; 1981–1986), Қазақ КСР-і Мәдениет (1970–1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986–1988), бөлім меңгерушісі (1988–1995) қызметтерін атқарған.

Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960–1967), «20–30-жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады (1998). «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертацияның бір тарауын Шәкерім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Көркем аудармалары қазақ тілінде жарық көрді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Шығармалары

  • Живые традиции, А.-А., 1962;
  • Әдебиет және дәуір, А., 1966;
  • Қаһарлы жылдар жыры, А., 1968;
  • Эстетическое богатство нашей литературы, А.-А., 1976;
  • Көрікті ойдан – көркем сөз, А., 1994;
  • Казахская поэзия: художественные искания (к традициям Абая), А., 1995;
  • Замана тудырған әдебиет, А., 1997.
Жоғары