| Кент тауы сілемі | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 30-35 км |
| Ені | 20 км |
| Ең биік шыңы | |
| Биіктігі | 1469 м |
| Орналасуы | |
| 49°13′28″ с. е. 76°02′25″ ш. б. / 49.22444° с. е. 76.04028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°13′28″ с. е. 76°02′25″ ш. б. / 49.22444° с. е. 76.04028° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Кент тауы – Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Қарқаралы тауынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Бірнеше жекелеген қырқалы және күмбезді аласа таулар тізбегінен тұрады. Олар оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30 – 35 км-ге бір-біріне тіркесе созылып жатыр. Ені 20 км-ге жетеді. Айналасындағы белесті, төбелі, ұсақ шоқылы келген жазықтан 200 – 500 м биік тұр. Алқаптың ең биік бөлігі – қатпарлы таулар тізбегінен тұратын Кент тауы (абсолют биіктігі 1469 м). Одан солтүстікке қарай тауаралық және өзен аңғарларымен бөлінген Доңғал (1188 м), Найзатас (1293 м), Жамантау (1411 м), Босаға (1066 м), т.б. таулар орналасқан. Тау беткейлері көптеген жартасты шатқалдармен, сайлармен, аңғарлармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы
Батысы мен оңтүстік-батысындағы таулар пермь граниттерінен, шығысы мен солтүстік-шығысындағы таулар орта және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан, беткейлері мен аңғарлары делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген. Вольфрам, молибден, қалайы кен орындары бар.
Климаты
Климаты континенттік, қысы суық, қар жамылғысы жұқа (20 см), жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –14°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 – 400 мм.
Су торабы
Талды өзенінің оң салалары, Түндік өзенінің бастауларының бірі – Ақжарық өзені осы таулардан алады.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Тау беткейлері мен бөктерлерінде қарағай, қайың, көктерек, тал, итмұрын, ұшқат, ырғай, қараған, тобылғы, т.б. бұталар өседі. Сайлары мен тауаралық аңғарларында өлең, сұлыбас, қызғылт селеу басым түрлі шөптесіндер өседі. Арқар, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, сұр суыр, қоян, тиін, моңғол және дала шақылдағы, дала тышқаны, Эверсман атжалманы мекендейді. Дала бүркіті, құр, шіл, тоқылдақ, т.б. орман құстары кездеседі. Талды (Кент) орман шаруашылығы негізінде жобаланған Кент қорығы Қарқаралы ұлттық паркіның құрамына кіреді.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Қарқаралы ауданы таулары

