| Рухолла Хомейни علی خامنهای | ||||
![]() | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 3 желтоқсан 1979 — 3 маусым 1989 | ||||
| Президент | Тізім
| |||
| Премьер-Министр | Тізім
| |||
| Ізашары | лауазымы құрылды; Мұхаммед Реза Пехлеви (Шаһ ретінде) Өзі (Төңкеріс көшбасшысы ретінде) | |||
| Ізбасары | Әли Хаменеи | |||
| ||||
| 5 ақпан 1979 — 3 желтоқсан 1979 | ||||
| Ізашары | Мұхаммед Реза Пехлеви (Шаһ ретінде) | |||
| Ізбасары | Өзі (Жоғарғы көсем ретінде) | |||
| ||||
| 15 тамыз 1983 — 4 маусым 1989 | ||||
| Өмірбаяны | ||||
| Білімі | Қом семинариясы | |||
| Діні | шиия ислам | |||
| Дүниеге келуі | 17 мамыр 1900 Хомейн, Иран | |||
| Қайтыс болуы | 3 маусым 1989 (89 жас) Тегеран, Иран | |||
| Жерленді | Хомейни кесенесі | |||
| Туған кездегі есімі | Рухолла Мостафави Мусави Хомейни | |||
| Жұбайы | Хадижа Сақафи (үйл. 1929) | |||
| Балалары | 7, соның ішінде Мұстафа, Захра, Фарида мен Ахмед | |||
| Сайты | imam-khomeini.ir | |||
| Қолтаңбасы | ![]() | |||
| Рухолла Хомейни Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Аятолла Рухолла Мусави Хомейни (24 қыркүйек 1902 жыл, Хомейн – 3 маусым 1989 жыл, Тегеран) — ирандық діни қайраткер, аятолла, Иран ислам революциясының көсемі, Иран Ислам Республикасының басшысы (1979–1989). Шаһ өкіметінің ішкі, сыртқы саясатына қарсы қозғалысқа ерте араласып, шииттік бағыттағы мұсылмандардың беделді басшыларының біріне айналды. Үкіметке қарсы жүргізген белсенді күресі үшін қудаланып, 1964 жылы Мохаммед Реза Пехлеви шахтың кезінде шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 13 жыл Наджафта (Ирак), кейін Парижде болды. Иранға тек 15 жыл өткен соң, 1979 жылдың 1 ақпанында қайтып оралды. Хомейни Парижден келгеннен кейін екі күн өткенде Ислам революциялық Кеңесінің құрылғаны жарияланды. Иран Ислам Республикасының тұңғыш басшысы ретінде ол елде көптеген саяси-әлеуметтік реформалар жүргізді (қ. Иран). Шаһ өкіметі жойылып, саяси партияларға тыйым салынды. Батыс елдерінің иелігіндегі барлық компаниялар мемлекет меншігіне алынды. Ел СЕАТО блогынан шығып, блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болды. Бірақ Батыс елдері Иранды оқшаулау саясатын ұстап, көршілес Иракты Иранмен соғысқа айдап салды (қара Иран-Ирак соғысы). Соғыс Иранға орасан зор экономикалық шығын (700 млрд. АҚШ доллар) әкелді. Соған қарамастан Хомейни Иранды Батыс елдерінің оқшаулау саясатын бәсеңдету үшін көптеген іс-шаралар жүргізді.
Ескертпелер
- Бұл Хомейнидің 1979 жылғы 3 желтоқсанға дейінгі мемлекет басшысы ретінде де-факто титулы еді. Кейін ол өзін Жоғарғы көсем қылды.
- 17 мамырда туғандар
- 1900 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Хомейнде туғандар
- 3 маусымда қайтыс болғандар
- 1989 жылы қайтыс болғандар
- Тегеранда қайтыс болғандар
- Тайм журналы нұсқасы бойынша Жыл адамдары
- Иран билеушілері

