Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Ол Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», ко

Мыржықбаев Кенжеғали

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мыржықбаев Кенжеғали (1953 ж. т.) - әнші. Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике-Шаншар руынан шыққан.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. Ол Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», композитор С. Мұхамеджановтың Абайдың сөзіне жазылған «Жарқ етпес қара көңілім, не қылса да», «Қақ тағанақ күмістей кең маңдайлы», «Өзгеге көңілім тоярсың», М. Төлебаевтың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», Н. Тілендиевтің «Абай арманы» («Жасымда ғылым бар деп ескермедім»), Е. Рахмадиевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», А. Молодов пен I. Жақановтың «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз» ән-романстары, А. Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай» операсынан Айдардың ариясы, Орталық концерт залында «Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін» атты Абай әндері мен ақын сөздеріне жазылған қазақ композиторларының ән-романстарынан дәріс-концерт, Көкшетау, Торғай облысында «Ақаннан - Абайға дейін» атты қайырымдылық концерт берді.

Жоғары