Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қабылбаев Шырақбек (9 наурыз 1908,Семей облысы, Қарашоқы — 5 шілде 1976, Алматы) — Қазақстанның партия және мемл. қайраткері.

Шырақбек Қабылбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Қабылбаев Шырақбек (9 наурыз 1908,Семей облысы, Қарашоқы — 5 шілде 1976, Алматы) — Қазақстанның партия және мемл. қайраткері.

Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ КСР Ішкі істер министрі
10 тамыз 1954  18 қазан 1959
Ізашары Владимир Владимирұлы Губин
Ізбасары Махмұд Сапарғалиұлы Сапарғалиев
Ту
Ту
Алматы облысының Ішкі істер органының басшысы
қараша 1959  наурыз 1967
Ту
Ту
Қазақ КСР Ішкі істер министрі
сәуір 1967  қараша 1973
Ізашары Дмитрий Александрович Панков
Ізбасары Мақан Есболатұлы Есболатов
Өмірбаяны
Партиясы ВК(б)П
Қызметі Генерал-лейтенант
Дүниеге келуі 9 наурыз 1908 (1908-03-09)
Қарашоқы
Қайтыс болуы 5 шілде 1976 (1976-07-05)(68 жас)
Алматы
Марапаттары

Арғын тайпасының Қаракесек руының Байбөрі бөлімінен шыққан.1938 жылдан КОКП мүшеci iшкi істер қызметінің генерал-лейтенанты (1967). 1931 жылы Семейдегі педтехникумын бiтiрдi. Қызыл Армия қатарындағы кезекті міндетін атқарғаннан кейін, 1935 жылы Iшкі істер халкомының арнаулы мектебін, ал 1952 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бiтiредi. Қазақстан КП-нiң 4, 5, 8, 13-съездерiнде OK-тiң мүшесi және 4, 5,.7, 8- сайланған Қаз. КСР Жоғ. Советінің депутаты. Ленин, eкi Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған. Сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы, «КСРО Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Жоғары