Барақ Солтабайұлы (1790 — 1865) — сұлтан. Найман тайпасының жуантұқым Матай руының бай шонжар Солтабайдың әулетінде, Аягөз қаласы маңында дүниеге келген.Польша саяхатшысы А. Янушкевич өзінің жазбаларында Барақтың ақылды, қайсар мінезді, ел ішінде беделді екенін айта келіп, оны дала Геркулесіне теңейді. Барақ Кенесары көтерілісін басуға қатысқан. Барақ сұлтанның Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты “Бірінші Май” ауылындағы зираты мемлекет қамқорлығына алынған.
Санаттар:
- Аға сұлтан
- Төрелер