| Суат Әуезбекұлы Әбусейітов | ||||
| Туған күні | 4 қараша 1929 | |||
|---|---|---|---|---|
| Туған жері | Баянауыл ауданы, Павлодар облысы, Қазақ АКСР | |||
| Қайтыс болған күні | 7 қараша 1992 (63 жас) | |||
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан | |||
| Мемлекет |
| |||
| Мамандықтары | әнші | |||
| Дауыс түрі | тенор | |||
| Марапаттары | | |||
Суат Әуезбекұлы Әбусейітов,(4 қараша 1929, қазіргі Баянауыл ауданы, Павлодар облысы — 7 қараша 1992, Алматы) — әнші, Қазақстан халық әртісі (1981).
Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
Алматы консерваториясын (А.М. Кургановтың класы бойынша) бітірген (1949). 1949 — 55 ж. “Қазақфильмде”, 1955 — 63 ж. Қазақ ән-би ансамблінде, 1963 жылдан Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрадалық оркестрінде әнші болды.
Әбусейітов әншілік өнерде өз орындаушылық мәнерін танытты. Оның орындауындағы “Екі жирен” немесе “Жеңеше” әндері ешбір әншіге ұқсамайтын бояу-нақысымен есте қалды. Әбусейітовтің репертуарында Қазақстан композиторларының “Тербеледі тың дала”, “Алатау”, “Баянауыл”, “Ауылым”, орыс классиктері П.И. Чайковскийдің, Н.А. Римский-Корсаковтың романстары болды.
1957 ж. Мәскеуде өткен Дүние жүзі жастары мен студенттері фестивалінің лауреаты. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
- 4 қарашада туғандар
- 1929 жылы туғандар
- 7 қарашада қайтыс болғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Баянауыл ауданында туғандар
- КСРО әншілері
- Қазақстан әншілері
- XX ғасыр әншілері
- Тенорлар
- Қазақстан тенорлары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақфильм әншілері
- Қазақ ән-би ансамблі әншілері