Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әулиеата ауданы — Тараз қаласындағы әкімшілік бірлік. 2024 жылы желтоқсанда құрылған. Жер аумағы – 14 535,96 га.

Әулиеата ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала ішіндегі аудан
Әулиеата ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жамбыл облысы

Қаласы

Тараз

Әкімі

Барлық Әдепханұлы Төреханов

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

2024 жыл

Жер аумағы

145,36 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Әулиеата ауданы — Тараз қаласындағы әкімшілік бірлік. 2024 жылы желтоқсанда құрылған. Жер аумағы – 14 535,96 га.

Тарихы

2024 жылы 29 қаңтарда Үкімет қаулысымен Тараз қаласының жаңа Бас жоспары бекітілді. Бас жоспарда Тараз маңындағы елді мекендерді қалаға қосу, сонымен бірге қала халқы 400 мыңнан асқандықтан Заңға сәйкес қала аумағында екі аудан құру қарастырылды. Үкіметтің 2024 жылғы 29 қарашадағы №1014 қаулысымен Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 гектар (129 км²) болатын жері Тараз қаласына қосылып, қала аумағы 188 км²-ден 317 км²-ге дейін артты.

2024 жылы 20 желтоқсанда Тараз қалалық мәслихаты мен әкімдігі қаланы 2 ауданға бөлу туралы шешім қабылдап, аудан шекаралары бекітілді. 2025 жылы 17 қаңтарда жаңа аудан атаулары Әулиеата және Жібек жолы болып бекітілді.

Шекарасы

Әулиеата ауданы Тараз қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік бөлігі Жамбыл облысының Жамбыл ауданымен, солтүстік-шығыс бөлігі Байзақ ауданымен шектеседі. Ауданның оңтүстік бөлігі Тараздың Жібек жолы ауданымен шектеседі.

Әкімдері

  • Барлық Әдепханұлы Төреханов (05.2025 бастап)
Жоғары