Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандары жерінде. Айнабұлақ ауылынан солтүстік-батыста 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 458,5 м.

Шошқакөл (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шошқакөл
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі458,5 м
Өлшемі8,5 × 6,7 км
Ауданы32 км²
Тереңдігі9 м
Орташа тереңдігі1 м
Су алабы
Суды жинау ауданы360 км²
Орналасуы
49°16′10″ с. е. 70°48′50″ ш. б. / 49.26944° с. е. 70.81389° ш. б. / 49.26944; 70.81389 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°16′10″ с. е. 70°48′50″ ш. б. / 49.26944° с. е. 70.81389° ш. б. / 49.26944; 70.81389 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АудандарНұра ауданы, Жаңаарқа ауданы
Шошқакөл
Шошқакөл (көл) (Қарағанды облысы)
Шошқакөл
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).
 Басқа мағыналар үшін Шошқакөл деген бетті қараңыз.

Шошқакөлағынсыз көл.

Географиялық орны

Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандары жерінде. Айнабұлақ ауылынан солтүстік-батыста 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 458,5 м.

Аумағы

Ауданы 32,0 км2, ұзындығы 8,5 км, ең енді жері 6,7 км. Су жиналатын алабы 360 км2, ең терең жері 9 м. Нұраның сол салалары – Соналы және Құланөтпес өзендері алаптарының суайрығында.

Гидрографикасы

Жағасы жатық, жағалауына изен, бозжусан жайылған. Жауын-шашын суымен толығады, суы ащы. Соңғы жылдары көл суы тартылып келеді, саяз сулы бөліктерін қамыс, құрақ басқан, ауданы 1600 га. Оңтүстікке таман Аралтөбе аралы орналасқан.

Өсімдігі, жануарлары

Көл жағасында жыңғыл, қамыс-құрақ, сөран өседі. Үйрек, қаз, аққу ұя салады, кезінде қамыс арасында қабан (жабайы шошқа) мекендеген. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады.

Жоғары