
Жаппас Қасымбекұлы Қаламбаев (1.1. 1909, Созақ ауданы – 2.12.1970, Алматы) – қобызшы-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944). Сүгірдің шәкірті.
Өмірбаяны
1934 ж. Алматы қаласында өткен халық өнерпаздарының Бүкілқазақстандық 1-слетіне қатысқан.
1934 – 1937 ж. Қазақ халық аспаптар оркестрінде альт-қобызшылар тобының концертмейстері және оркестр солисті болды.
1968 – 1970 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қыл қобыз класы бойынша) ұстаздық етті.
Еңбектері
Оның репертуарында негізінен Ықылас Дүкенұлының «Қазан», «Қасқырдың ұлығаны», «Қоңыр», «Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қамбар», «Кер толғау», т.б. күйлері болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай Беркімбаев әндерін орындаған. Қаламбаев көптеген күйлер мен әндердің («Кең өлке», «Күн толғауы», «Жұман күйі», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы», т.б.) авторы. Шәкірттері: қобызшылар Г. Баязитова, Ф. Балғаева, Қ. Құдабаева, А. Шәңгереева, музыкатанушы Б. Сарыбаев, т.б.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
- 1 қаңтарда туғандар
- 1909 жылы туғандар
- Созақ ауданында туғандар
- 2 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1970 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қобызшылар
- Қазақстан сазгерлері
- КСРО сазгерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Қазақ халық аспаптар оркестрі тұлғалары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары