
"Баттерфляй ханым"— операсына жазылған балет.
Премьерасы Қазақ опера және балет театрында 30.04.1992 жылы қойылды. Авторы Дж.Пуччини — Ғ.Жұбанова, балетмейстер-қоюшылар: Асами Маки, Кеодзо Метани, дирижері В.Руттер, суретшісі А.Коженкова.
Белгілі операның балеттік нұсқасын жазуды қазақ композиторынан жапон балетмейстерлері өтінген. Балетте адам өміріндегі ең әдемі сезім — тұрақты махаббат адамдардың, замандардың арасындағы үзілмес арқау ретінде көрсетілген. Дәстүрлі классикалық хореографияға жапонның таза ұлттық қимыл-көріністерін енгізу балетке ерекше өң берген. Премьерада Баттерфляйді Р.Байсейітова, Пинкертонды А.Нүсіпов, Сузукиді А.Асқарбекова, Шарплесті С.Асқарбеков, Гороны А.Бүркітбаев, Ямадори ханзаданы Б.Әбдірахманов, Бонзаны А.Бестембаев биледі.
- Джакомо Пуччинидің опералары
- Италиян тіліндегі опералар
- 1904 жылғы опералар