Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Авсюк – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық

Авсюк мұздығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Авсюк мұздығы
Сипаттамасы
ТүріТау аңғарлық мұздық
Ауданы5 км²
Ұзындығы4,7 км
Қалыңдығы70 м
Орналасуы
45°07′12″ с. е. 80°37′48″ ш. б. / 45.12000° с. е. 80.63000° ш. б. / 45.12000; 80.63000 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°07′12″ с. е. 80°37′48″ ш. б. / 45.12000° с. е. 80.63000° ш. б. / 45.12000; 80.63000 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақЖетісу облысы
Авсюк мұздығы
Авсюк мұздығы (Жетісу облысы)
Авсюк мұздығы

Авсюк – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық етегі. Ақшығанақ өзенінің бастауы болып саналады. Мұздық туралы алғашқы ғылыми еңбек 1929-1932 жылдары жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының География институты айналысады. 1957 жылы көрнекті ғалым Г.А.Авсюктің есімімен аталған.

Аумағы

Ұзындығы 4,7 км, жалпы аумағы 5,0 км2. 1960-1990 жылдары аралығында мұздықтың ұзындығы 0,1 км-ге қысқарды. Ауданы 0,8 км2-ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. Орташа қалыңдығы 70 м-ге, көлемі 0,3 км3-ге дейін азайды. Мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн (мұзқар) алаңының ауданы 2,0 км2. Мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. Моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеген.

Жоғары