Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Гүлнәфис Баязитова (Сәбитова) - (4.12.1917, Орынбор облысы Түзтөбе қ. - 7.5.1987, Алматы) - қобызшы, Қазақстанның халық әртісі (1959). Жастайынан түрлі музыкалы

Гүлнәфис Баязитова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гүлнәфис Баязитова (Сәбитова) - (4.12.1917, Орынбор облысы Түзтөбе қ. - 7.5.1987, Алматы) - қобызшы, Қазақстанның халық әртісі (1959). Жастайынан түрлі музыкалық аспаптарда ойнап, қазақ, татар, орыс әндерін айтады. Көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатыса жүріп, Қазақ филармониясына қабылданады (1935). Л.Мұхитовтан домбыра тартуды, Ж.Қасымовтан қобызда ойнауды меңгереді. 1935 ж. қаңтар айында филармония құрамындағы Қазақ халық аспаптар оркестріне қабылданып, кейін ұзақ жылдар бойы оның жетекші концертмейстері міндетін атқарды. Жастар мен студенттердің 3-халықаралық фестивальінің лауреаты (Бухарест, 1953). Халықтың әндері мен күйлерін, Қазақстан композиторлары мен Батыс Еуропа классиктерінің туындыларын оркестрдің сүйемелдеуімен орындай жүріп, өз алдына жеке қонцерттерде берді. Концерттік репертуарында "Былқылдақ", "Қараторғай", "Ақ Зейнеп", "Япурай", т.б. халықтық шығармалар мол болды. Баязитова қобызда ойнау өнерінің тәсілдерін байытып, дәстүрлі музыкалық аспаптың мүмкіндіктерін арттырды. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталған.

Жоғары