Әлікей Бесәліұлы (1831, Бөкей ордасы ауданы, Кетекөл ауылы - 1915, сонда) — күйші, композитор. Әлікей өзінің аталас туысы, дәулескер күйші Дәулеткереймен етене араласып, оны ұстаз тұтқан, күйшілік дәстүрін жалғастырған. Әлікейдің ел арасына кең тараған «Қоңырала», «Байжұма», «Ақжелең», «Аңшылық», т.б. күйлеріне лирикалық нәзік сезім, романтикалық асқақтық, сыршылдық тән.
Санаттар:
- Тұлғалар
- Бөкей ордасы ауданында туғандар
- 1831 жылы туғандар
- 1915 жылы қайтыс болғандар
- Күйшілер
- Қазақстан сазгерлері