
Екіқабатты автобус — сыйымдылығы кеңейтілген автобус түрі.
Қоғамдық көліктің бұл түрі XX ғасырдың басында Ұлыбританияда кеңінен қолданыла бастады.Үндістанның бас қалаларында және Берлинде көп жылдар бойы үйреншікті көлік болып келді. Қазір Ұлыбританияда, Ирландияда, Сингапурда, Бангладеште жиі кездеседі.
Көп елдерде, оның ішінде Қазақстанда, екіқабатты автобус туристік мақсаттарда қолданылады. Туристік автобустардың екінші қабаттары шатырмен және шатырсыз болып құрастырылуы мүмкін.
Галерея
Лондонда
Португалияда
Кенияда
Гонконгта
Бангладеште
Санат:
- Автобустар