Координаттар: 35°42′48″ с. е. 139°45′44″ ш. б. / 35.71333° с. е. 139.76222° ш. б. (G) (O) (Я)
| Токио университеті | |
![]() | |
| Университет атауы | |
|---|---|
| Шынайы аты | 東京大学 |
| Жалпы сипаттамасы | |
| Құрылған жылы | 1877 |
| Орналасуы | |
| Орналасқан жері | Бунке, Токио, Жапония |
| Әкімшілік | |
| Президенті | Джуничи Хамада |
| Негізгі көрсеткіштер | |
| Студенттер | 28,697 |
| Сайты | http://www.u-tokyo.ac.jp |
| өңдеу | |
Токио университеті (Токио дайгаку, немесе қысқаша – Тодай) - Жапонияның ең ескі де, ең беделді университеттерінің бірі. Университет 1877 жылы құрылған және 1949 жылға дейін «Император университеті» мәртебесін алған. Құрылған күннен бастап ол мемлекеттік университет болып келеді және жапон үкіметі тарапынан демеушілікке де ие. Университет түлектерінің арасынан атақты саясаткерлер, экономисттер шыққан. Әдебиет факультетінің екі түлегі – Нобель сыйлығының лауреаттары (Кавабата Ясунари және Оэ Кэндзабуро деген жазушылар).
Факультеттер
- Заң факультеті;
- Медицина факультеті;
- Техникалық факультет;
- Әдебиет факультеті;
- Ғылым факультеті;
- Ауыл шаруашылық факультеті;
- Экономика факультеті;
- Өнер факультеті;
- Педагогика факультеті;
- Фармацевтика факультеті;
- Тарих факультеті
Жалпы анықтама
- Оқу мерзімі: бакалавриат: 4-5 жыл; магистратура: 1,5-2 жыл.
- Рейтинг: «Әлемнің ең мықты 100 ЖОО-сы» рейтингісінде 25 орында
- Оқу құны: 500 – 800 мың иен/жыл; 6000-10000$/жыл
- Жататын орны мен тамағы: 45-60 мың иен/ай немесе 550-750$/ай – жататын орын, 70-90 мың/ай немесе 875-1125$/ай - тамақтануға
Оқуға түсу ережелері
- Міндетті түрде 11-12 сынып бітіргені жайлы куәлік көрсету;
- Жас мөлшері 18+;
- Жалпы ағылшын тілі бойынша емтихан тапсыру (The General Examination for foreign students немесе TOEFL);
- Жапон тілін білу туралы сертификат (日本語能力試験, Japanese Language Proficiency Test).
- Алфавит бойынша университеттер
- Жапония университеттері
