Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан

Илья Ильин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Ильин Илья Александрұлы
Сурет
Илья Ильин жеңіс сәтінде
Жеке мағлұматтар
Жынысы

Ер

Толық есімі

Ильин Илья Александрұлы

Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандандыру

ауыр атлет

Клубы

Динамо

Туған күні

24 мамыр 1988 (1988-05-24)(38 жас)

Туған жері

Қызылорда

Бапкер(лер)і

Вилорий Пак, Ержас Болтаев, Тойшан Бектимиров

Бойы

174 см

Салмағы

94 кг

Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы . Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

2008, 2012 жылдары екі рет Олимпиада чемпионы атанғанымен Халықаралық Олимпиада комитеті 2016 жылы "допинг қабылдады" деген сылтаумен жоққа шығарды.

Биографиясы

Отбасы

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі – Александр Ильин. Анасы – Галина Ильина. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.

Бірінші әйелі - Наталья Кулакова, гандболшы, гандболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2017 жылы ажырасқан. Олардың Милана атты қызы бар.

Илья Ильинның екінші әйелі - Татьяна Гордиенко (2023).

Спорт

Илья Ильин

Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.

Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Әлем чемпионаты (2005)

2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.

RankАты-жөніТуған күніМемлекетӨз салмағыТопЖұлқа көтеруСерпе көтеруҚорытынды
1Илья Ильин24.05.1988 Қазақстан84.65A170216386.0
2Ионг Лю01.01.1986 Қытай84.35A175210385.0
3Асламбек Едиев04.01.1970 Ресей84.73A170211381.0
4Олег Перепеченов06.09.1975 Ресей82.57A175205380.0
5Андрей Рыбаков04.03.1982 Беларусь84.70B185195380.0
6Айджун Иан07.04.1977 Қытай84.28A173205378.0
7Вячеслав Ерошов07.12.1980 Қазақстан82.67A175200375.0
8Тигран Мартиросян03.03.1983 Армения84.07A172202374.0
9Валерию Галанчеа18.11.1980 Румыния84.50A165207372.0
10Карол Горчешевский06.11.1983 Польша84.99B165200365.0
11Хосе Оливер Руиз18.09.1974 Колумбия83.88B155200355.0
12Хектор Баллестерос18.10.1981 Колумбия83.55B157195352.0
13Ондрей Кутлик09.09.1976 Словакия84.98B155195350.0
14Чад Томас Ваун11.05.1980 АҚШ84.98B150185335.0
15Октавио Антонио Межиас Хернандес21.07.1982 Венесуэла82.82B145186331.0
16Али эль Моужоуд24.07.1982 Франция80.50C148177325.0
17Норберт Цсер18.01.1985 Мажарстан83.30C148171319.0
18Хуан Карлос Гуитерио06.02.1983 Доминикан Республикасы82.68C141177318.0
19Павел Колосовский23.08.1981 Израиль84.16C140174314.0
20Руслан Рамазанов10.02.1987 Түрікменстан84.18C140170310.0
21Уати Мапосуа26.07.1976 Самоа83.74C137165302.0
22Мансур Режепов03.01.1982 Түрікменстан79.96C135165300.0

Әлем Чемпионаты (2006)

Санта Доминго, 94кг

РетіАты-жөніМемлекетЖұлқа көтеруСерпе көтеруҚорытынды
1Илья Ильин Қазақстан175217392.0
2Симон Колецки Польша173219392.0
3Роман Константинов Ресей177215392.0
4Мухама Созаев Ресей176215391.0
5Иоандарис Хернандес Куба170216386.0
6Константин Пилеев Украина171214385.0
7Николас Куртидис Грекия173210383.0
8Хосе Хуан Наваро Батиста Испания170208378.0
9Евгений Братан Молдова170208378.0
10Альберт Кузилов Грузия172205377.0
11Бартоломей Восчиек Бонк Польша170205375.0
12Сантьяго Матринес Испания170200370.0
13Миранда Хоел Сотолонго Куба165201366.0
14Юрген Спиес Германия165200365.0
15Мохамад ел Нагар Мысыр155206361.0
16Ли Унгджо Корея Республикасы160200360.0
17Теймурази Гогиа Грузия160197357.0
18Ангел Давид Даза Тапиа Венесуэла150205355.0
19Константинос Пападопулос Грекия155200355.0
20Андрей Мельник Украина156193349.0
21Рене Хорн Германия146200346.0
22Ондрей Кутлик Словакия150195345.0
23Сутифон Ватанакасим Тайланд157187344.0
24Юки Хираока Жапония150191341.0
25Кунчай Начпум Тайланд150190340.0
26Джефрей Уиттмер АҚШ148190338.0
27Юрий Галкин Қазақстан145187332.0
28Осаму Мизута Жапония140189329.0
29Мантас Звирблис Литва145182327.0
30Атилла Кисс Мажарстан148178326.0
31Энтони Мартин АҚШ147179326.0
32Хуан Хименез Доминикан Республикасы142172314.0
33Нургелді Горганов Түрікменстан140162302.0
34Луиджи Грандо Италия130166296.0
35Давид Ниевес Пуэрто-Рико130150280.0
36Нельсон Гатика Чили120145265.0

Пекин Олимпиадасы (2008)

Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.

Нәтижесі

Ауыр атлетикадан 94 кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг-ды бағындырып, аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.

#Аты-жөніМемлекетЖұлқа көтеруСерпе көтеруҚорытынды
1.Илья Ильин Қазақстан180226406
2.Симон Колецки Польша179224403
3.Хаджимурат Аккаев Ресей185217402
4.Арсен Касабиев Грузия176223399
5.Низами Пашаев Әзербайжан181215396
6.Иоандрис Эрнандес Куба178215393
7.Асгар Эбрахими Иран180212392
8.Роман Константинов Ресей387

Әлем чемпионаты (2011)

Толық мақаласы: Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2011
#Аты-жөніМемлекетЖұлқа көтеруСерпе көтеруҚорытынды
1Илья Ильин Қазақстан181226407
2Артем Иванов Украина186221407
3Саид Мохамадпоуркаркарах Иран181221402
4Александр Иванов Ресей186215401
5Руслан Нурудинов Өзбекстан177221398
6Андрей Деманов Ресей178220398
7Ким Мин-Жае Корея Республикасы182214396
8Анатолий Чирицу Молдова175220395
9Интигам Заиров Әзербайжан177215392
10Ауримас Диджбалис Литва173216389
11Константин Пилеев Украина170211381
12Арсен Касабиев Польша170210380
13Александр Макаранка Беларусь170208378
14Камачали Ашгар Ибрахими Фарбод Иран175201376
15Давид Хуркуле Матам Матам Франция170202372
16Ибрахим Арат Түркия165206371
17Силвестор Колецки Польша169202371
18Давид Кавелашвили Грекия165200365
19Хосе Хуан Наваро Батиста Испания162200362
20Эндри Карина Албания160195355
21Хербис Маркиз Венесуэла157196353
22Жасурбек Жумаев Түрікменстан163188351
23Гиасиддин Ахмедов Өзбекстан154197351
24Христос Салстидис Грекия160186346
25Бенедикт Улоко Нигерия147196343
26Симлис Рибоем Аустралия150190340
27Юки Хираока Жапония150190340
28Давид Катоатау Кирибати143195338
29Джарел Давид Флеминг АҚШ152183335
30Даду Мали Чандракант Үндістан148176324
31Николас Робертс Канада143180323
32Роберто Карлос Росадо Круз Пуэрто-Рико135185320
33Хернан Виера Перу120160280

Лондон Олимпиадасы (2012)

Толық мақаласы: Жазғы Олимпиада ойындарындағы ауыр атлетика 2012

Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов – 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртінші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда, маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.

Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.

Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді .

Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты .

Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды:. Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді

#Аты-жөніЕліЖұлқа көтеруСерпе көтеруЖалпы қорытынды
1.Илья Ильин Қазақстан185233418
2.Александр Иванов Ресей185224409
3.Анатолий Чирицу Румыния181226407
4.Андрей Деманов Ресей182225407
5.Мохамадпоуркаркарах Саид Иран183219402
6.Интиқам Заиров Әзербайжан182215397
7.Алмас Өтешов Қазақстан175220395
8.Ким Мин Жае Корея Республикасы185210395
9.Томаш Бернард Зеленский Польша175210385
10.Александр Макаранка Беларусь175209384
11.Норайар Варданян Армения170210380
12.Константин Пилиев Украина166206372
13.Давид Кавиашвили Грекия170200370
14.Ендри Карина Албания155195350
15.Аббас Алқайсум Сауд Арабиясы155180335

Prior to this competition, the existing world and Olympic records were as follows.

Рекордтар Жұлқа көтеру  Акакиос Какиашвилис (GRE) 188 кг Афина, Грекия 27 Қараша 1999
Жұлқа & Серпе  Симон Колески (POL) 232 кг София, Болгария 29 Сәуір 2000
Жалпы  Акакиос Какиашвилис (GRE) 412 кг Афина, Грекия 27 қараша 1999
Олимпиада рекордыЖұлқа көтеруҮлгі:FlagIOCathlete187 кгСидней, Аустралия24 қыркүйек 2000
Жұлқа және Серпе көтеруҮлгі:FlagIOCathlete226 кгПекин, Қытай17 тамыз 2008
ЖалпыҮлгі:FlagIOCathlete406 кгПекин, Қытай17 тамыз 2008

Қызылорда облысының әкімі Илья Ильин мен оның бапкерлеріне 75 млн теңгеге арналған сертификат тапсырды .

Мемлекеттік марапаттар

  • 2012 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Олимиада жеңімпаздарымен кездесу кезінде Илья Ильинге "Отан" орденін табыстады .
  • Құрмет ордені.
  • Барыс ордені.
  • Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері

Тағы қараңыз

  • Лондон Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшылары
  • 2012 Жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан
Жоғары