| Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан | ||||||||||||
| ||||||||||||
| Жалпы мағлұматтар | ||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Азаматтығы |
| |||||||||||
| Туған күні | 26 сәуір 1932 | |||||||||||
| Туған жері | Сырымбет ауылы, Айыртау ауданы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||||||||||
| Қайтыс болған күні | 31 наурыз 2021 (88 жас) | |||||||||||
| Қайтыс болған жері | Қазақстан | |||||||||||
| Жұмысы мен жетістіктері | ||||||||||||
| Білімі | Мәскеу сәулетшілік институты | |||||||||||
| Жұмыс істеген қалалар | Алматы, Астана | |||||||||||
| Басты құрылыстары |
| |||||||||||
| Марапаттары | | |||||||||||
Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлихан (26 сәуір 1932 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы – 31 наурыз 2021 жыл) — сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).
Қысқаша өмірбаяны
1932 жылы 26 сәуір күні Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.
Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бақытжан Қанапияновтың немере ағасы.
Мәскеу сәулетшілік институтын бітірді.
«Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары,
Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды.
Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.
| Жыл | Оқиға |
|---|---|
| 1956 | Мәскеу мемлекеттік сәулетші институтын бітірген |
| 1956–1965 | Қазақ қала құрылысын жобалау институтында, КСРО құрылыс және сәулетші академиясы Қазақ бөлімшесінде сәулетші, кіші ғылымының қызметкері болды |
| 1966–1967 | Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары |
| 1967–1970 | Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау институтының аға ғылымының қызметкері |
| 1971–1978 | ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының орынбасары |
| 1976 жылдан | ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының 1-орынбасары |
| 1973–1982 | Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы |
| 1975 жылдан | КСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы |
| 1982 жылдан | Қазақ азаматтық село құрылысын жобалау институтында бас сәулетшісі |
| 1990–1995 | Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтындағы өнер және сәулетші бөлімінің меңгерушісі |
| 1995 жылдан | ҚР Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төрағасы әрі Халықаралық Абылай хан қорының президенті |
Жетістіктері
Шот-Аман Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» дүкені (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983 жыл) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969 жылы; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970 жыл), Әліби Тоқжанұлы Жангелдин, Тоқаш Бокин (екеуі де 1975 жылы), Ғани Мұратбаев (1984 жыл), Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Талғат Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т.б. ескерткіштері; Дінмұхамед Қонаев бюсті (1985 жылы), Тәуелсіздік монументі (1996 жылы, жоба авторы әрі жетекшісі), т.б. Уәлиханов 1996 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар; сонымен қатар бірқатар драмалық шығармалардың да (“Шоқан”, алғаш рет 1962 жыл қойылған; “Ағнұр”, 1982; “Тағдыр”, 1984; “Террор”, 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлары сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12–13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975 жыл; Мехико, 1978 жыл; Бейжің, 1999 жыл) қатысты.
Негізгі шығармашылық жұмыстары
- Алматыдағы Шоқан Уәлиханов (1969);
- Әліби Жанкелдин (1975);
- Тоқаш Бокин (1975) ескерткіштері;
- «Динамо» стадионы құрлысының (шығармашылық топ құрамында) жобалары;
- Алматы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998);
- Қазақстан елтаңбасы.
Марапаттары
Атақтары
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Премиялары
- Қазақ КСР Мемлекеттік премиясы
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік премиясы (1990)
Марапаттары
- Парасат ордені
- Құрмет ордені
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі
- 26 сәуірде туғандар
- 1932 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Айыртау ауданында туғандар
- 31 наурызда қайтыс болғандар
- 2021 жылы қайтыс болғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Алфавит бойынша сәулетшілер
- Қазақстан сәулетшілері
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақстан мүсіншілері
- КСРО мүсіншілері
- Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшілері
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Алматының құрметті азаматтары
- Профессорлар
- МАРХИ түлектері


