| Құрылған жылы | 1920 жыл | ||
|---|---|---|---|
| Стадионы | Пухов стадионы | ||
| Сыйымдылығы | 6 080 | ||
| Бас жаттықтырушы |
| ||
| Жарыс | Шығыс лига | ||
| 2023/24 | 5-орын | ||
| Формасы | |||
| |||
Пухов МСК (Mestský Športový Klub Púchov)— Словакияның Пухов қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 1920 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Пухов Местски стадионында өткізеді.
Тарихы
Команда 2000 жылдардың басында біраз жетістіктерге жетті. 2001-02 жылғы маусымда Словакия кубогының финалына шықты. Осы жетістігі УЕФА кубогына қатысуына мүмкіндік әперді. 2002/03 жылғы УЕФА кубогының алғашқы сатысында Қазақстанның "Атырау" клубымен ойнап, екі ойын қорытындысында (0:0, 2:0) жеңіске жетті. Бірақ екінші раундта Францияның "Бордо" клубынан жалпы 1:10 (0:4, 1:6) есебімен ойсырай жеңілді. Осы маусымның соңында Словакия кубогын ұтып алды.
Атаулары
- 1920 – Пухов СК
- 1945 – Рольни Пухов СК
- 1948 – Сокол Макита Пухов
- 1956 – Искра Пухов
- 1968 – TJ Gumárne 1.mája Púchov
- 1993 – Матадор Пухов
- 2007 – Пухов ФК
- 2015 – Пухов МСК
Жетістіктері
- Словакия кубогы
- Жеңімпаз (1): 2002–03
- Финалист (1): 2001–02
- ІІ дивизион
- Жеңімпаз (1): 1999–00
Танымал ойыншылары
- Марио Брешка
- Милан Луховы
- Здено Штрба
- Любомир Луховы
- Кристиан Немет
Сілтемелер
- Алфавит бойынша футбол клубтары
- Словакия футбол клубтары
- 1920 жылы құрылған футбол клубтары