Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Көксерек — Мұхтар Әуезовтың Көксерек әңгімісесінің желісімен түсірілген көркем фильм. Фильм 1973 жылы түсірілді, ал бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде

Көксерек (фильм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көксерек
Лютый
Фильмнің постері
Жанры

нақыл

Режиссёрі

Толомуш Өкеев

Сценарийдің авторы

Андрей Кончаловский, Эдуард Тропинин

Басты рөлдерде

Қамбар Уәлиев

Операторы

Қадыржан Қыдырәлиев

Сазгері

Дүнгенбай Ботбаев

Кинокомпания

Қазақфильм

Ұзақтығы

97 мин.

Мемлекет

 КСРО

Тілі

орыс

Шыққан жылы

1973

IMDb

ID tt0144290

Көксерек — Мұхтар Әуезовтың Көксерек әңгімісесінің желісімен түсірілген көркем фильм. Фильм 1973 жылы түсірілді, ал бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті.

Фильм 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болады.

Мазмұны

Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты нағашы ағасы Аханқұл бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген.

Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған "Көксерек" деп ат қояды. Бөлтірік шамалы есейген соң ауылдың маңына келген өз қандастары - қасқырлардың исін сезіп, солармен бірге қашып кетеді.

Құрмашты Көксерек қауып алады, жара жазылмастан Құрмаш қайтыс болады.

Фильмнің басында Октябрь революциясына дейінгі қазақ даласында болған оқиға деген титр болады. Фильм мазмұнында кедей таптың байлардың соққысына соғылғандығын және тап арасындағы әділетсіздікті көрсетуге тырысқан.

Шығармашылық топ

  1. Сценарий авторы – Андрей Кончаловский
  2. Редактор – Әбіш Кекілбаев
  3. Дирижер – Нұрғиса Тілендиев
  4. Оператор – Қадыржан Қырырәлиев
  5. Композиторы – Дүнгенбай Ботбаев

Негізгі кейіпкерлер мен актерлер

  1. Құрмаш (бас кейіпкер бала)— Қамбар Уәлиев
  2. Ақанғұл (Құрмаштың нағашы ағасы) — Сүйменқұл Чокморов
  3. Құрмаштың әжесі — Әлиман Жанғорозова
  4. Қасен — Қарғамбай Сатаев
  5. Байдың ұлы — Нұржұман Ықтымбаев

Фильм туралы деректер

Көксеректің рөлінде ойнатылған екі қасқырдың екеуі де Мәскеуден әкелінген.

Фильм Қырғыз Алатауының тауларының баурайында, Ыстықкөл көлінің жағалауында түсірілген.

Құрмаштың рөлінде ойнаған актер Қамбар Уәлиев бір сұхбатында: "киноға түскеннен соң, мен күлуден қалдым" деген.

Жоғары