«Уикимедиа Қоры» (Wikimedia Foundation, Inc.) — әлемдегі барлық тілде ақпарат тарату және тегін мазмұн (контент) қалыптастыруға байланысты құрылған халықаралық коммерциялық емес ұйым. Сонымен қатар, «Уикимедиа Қоры» түрлі уики-жобалардың көмегімен тегін, әрі танымдық контентке қол жеткізу мақсатын көздейді. Әлем бойынша ең көп кірілетін 10 сайттың бірі болып табылатын ғаламдық Уикипедия - аталмыш қордың ірі жобаларының бірі.

Штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында орналасқан. Қордың құрылуы ресми түрде 2003 жылы маусымның 20-сында, Уикипедия негізін қалаушылардың бірі Джимми Уейлс тарапынан жарияланған болатын.
Уикимедиа қорына ең көп қайырымшылықтар
- Facebook - $1 млн 22.12.2018
- Павел Дуров (Вконтакте) - $1 млн 24.01.2012
- Google - $2 млн 17.02.2010
- Google - $0.5 млн 19.11.2011
- Amazon - $1 млн 26.09.2018
- Крейг Ньюмарк - $2,5 млн 11.09.2019