| Бәкен Қыдыкеева | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 20 қазан 1923 |
| Туған жері | қазіргі Бішкек, Қырғыз КСР |
| Қайтыс болған күні | 30 желтоқсан 1993 (70 жас) |
| Қайтыс болған жері | Бішкек, Қырғызстан |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актриса |
Бәкен Қыдыкеева (20 қазан 1923, Қырғыз КСР-і, Қант ауданы - 1993) — қырғыз кеңес актрисасы, КСРО халық артисі (1970).
Өмірбаяны
Сахналық жолын 1936 ж. Қырғыздың балалар мен жасөспірімдер театрынан бастады.
1941—44 ж. Пржевальск және Нарынның облыстық театрында ойнады.
1944 жылдан Қырғыз драма театрының актрисасы.
Рөлдері
- Айғаныш (Жантөшев, «Қүрманбек»)
- Жамал (Диқамбаев, «Нәрлі су»)
- Сейде (Айтматов, «Бетпе-бет»)
- Катерина (А. Н. Островский, «Найзағай»)
- Мария Александровна (Попов «Семья»)
Психологиялық тереңдік, азаматтық әуен мен ұлттық ерекшелік — оның өнеріне тән қасиет. 1955 жылдан кинофильмдерге («Салтанат», «Ана — Жер ана», «Жорғаның жүрісі», «Қараш-қараш оқиғасы») түскен. Қырғыз КСР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиет
- Гуревич Л., Бакен Кыдыкеева, в кн : Актеры советского кино, в. 9, М., 1973.
- 20 қазанда туғандар
- 1923 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Бішкекте туғандар
- 30 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1993 жылы қайтыс болғандар
- Бішкекте қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актрисалар
- КСРО актрисалары
- Қырғызстан актрисалары
- Сталиндік сыйлықтың иегерлері