| Тасуку Хондзё | |
| жап. 本庶 佑 | |
| |
| Туған күні | 27 қаңтар 1942 (84 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Киото, Жапония |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | иммунология |
| Жұмыс орны | |
| Ғылыми дәрежесі | Медицина докторы (1975) |
| Ғылыми атағы | Профессор (1982) |
| Альма-матер | Киото университеті |
| Ғылыми жетекші | Ясутоми Нишизука |
| Марапаттары |
|
Тасуку Хондзё (жапон. 本庶 佑; Honjo Tasuku; 27 қаңтар 1942,Киото, Жапония) — жапон иммунолог және цитокиндерді (интерлейкин 4, интерлейкин 5) және PD1 ақуызын молекулалық анықтау бойынша еңбектердің авторы. Джеймс Эллисонмен бірге — «теріс иммундық реттеуді тежеу арқылы қатерлі ісік терапиясын ашқаны үшін» 2018 жылғы физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығына ие болды.
Жапония ғылым академиясының мүшесі, Леополдина, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (2001; шетелдік серіктес).
1966 жылы Киото университетінің медицина факультетін бітіріп, 1975 жылы PhD дәрежесін алды.
COVID-19 пандемиясы кезінде Хондзё жаңа коронавирустың Қытайдың Ухань қаласындағы зертханада «жасалғанына» сенгені туралы жалған мәлімдеме интернетте бірнеше тілде кең тарады. BBC Reality Check хабарлауынша, «Киото университетінің сайтында жарияланған мәлімдемесінде ол өзінің атының «жалған айыптаулар мен жалған ақпарат» тарату үшін пайдаланылып жатқанына «өте қайғырғанын» айтқан».
Марапаттар мен құрметтер
- 1981 — Асахи сыйлығы
- 1984 — Осака ғылыми сыйлығы
- 1988 — Takeda медициналық сыйлығы
- 1993 — Уэхар сыйлығы
- 1996 — Жапон ғылым академиясының Императорлық сыйлығы
- 1996 — Жапония ғылым академиясының сыйлығы
- 2012 — Роберт Кох сыйлығы
- 2013 — Мәдениет ордені
- 2014 — Тан сыйлығы, «CTLA-4 және PD-1 иммундық тежегіш молекулалар ретінде ашылғаны және оларды қатерлі ісік иммунотерапиясында қолдануға әкелгені үшін»
- 2014 — Уильям Коли сыйлығы
- 2016 — Киото сыйлығы
- 2016 — Кэйо сыйлығы
- 2016 — Thomson Reuters физиология немесе медицина саласындағы марапатының лауреаты
- 2018 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы
Сілтемелер
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 27 қаңтарда туғандар
- 1942 жылы туғандар
- Киотода туғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Нобель сыйлығының иегерлері (Жапония)
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері
- Леополдина мүшелері
- Медицина ғылымдарының докторлары
- Иммунологтар
