Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 1937, Семей)

Тайыр Жомартбаев

  • Басты бет
  • Тайыр Жомартбаев

Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы – 1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург.

Тайыр Жомартбаев
Туған кездегі есімі

Тайлақбай Жомартбаев

Туған күні

1884 (1884)

Туған жері

Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1937 (1937)

Қайтыс болған жері

Семей, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

Ресей империясы→
КСРО
 Қазақ КСР

Ұлты

қазақ

Мансабы

жазушы, драматург, мұғалім

Көкбай медресесінде білім алып, 1911 жылы Уфадағы “Ғалия” медресесін бітірген.

1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты.

1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді.

1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды.

Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, 1956 жылы ақталды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 16, 2026

    Кеплер заңдары

  • Маусым 08, 2026

    Винница облысы

  • Маусым 13, 2026

    Ұлттық пұл

  • Сәуір 14, 2026

    Алтай тауы

  • Шілде 10, 2026

    Чанкыры (ил)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары