Функционал перне (Функциональная клавиша; function key) — программаланатын функциялды пернелер тобына кіретін перне.

- F1 Анықтаманы шақыру;
- F2 Белгіленген элементтің атын өзгерту;
- F3 Файл немесе бумаларды іздеу;
- F4 Windows жетектегішінде (проводник) адрестік жолдар тізімін көрсету;
- F5 Белсенді терезені жаңарту;
- F6 Жұмыс үстелі немесе терезе экранындағы элементтер арасында жылжу;
- F10 Ағымдағы бағдарлама мәзірі жолына көшіп, белсенді ету;
- F11 Белсенді терезені үлкейту және кішірейту;
- F12 Құжатты сақтау сұхбаттық терезесін ашу.
Санаттар:
- Ақпараттану
- Пернетақта