
Тропиктік климат, тропиктік ендіктің құрғақ және ыстық климаты, субтропиктік белдеулердің жоғарғы қысымды облыстары және мұхиттар үстіндегі пассатты айналым әсерінен бүкіл жыл бойы түзіледі. Тұрақты бұлттылығы аз ауа райы, жауын-шашын мөлшерінің аздығымен (әдетте жылына 200 мм-ден аз), ауа температурасының жоғарылығымен (қыста 10С-тан жазда 35С-қа дейін), жер шарының жылу полюсінің болуымен ерекшеленеді. Шөл және шөлейт ландшафттары басым таралған.
Санаттар:
- Климат
- Тропиктер