Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Би дабыл аспабының сүйемелімен орындалады. Аңшылыққа байланысты туған. Орман-таулы жерді мекендеген қазақтар арасында көп тараған. Онда аңшының орманда кездеске

Аю биі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

“Аю биі” — қазақтың күлдіргі биі. Музыкалық өлшемі 4/4.


Би дабыл аспабының сүйемелімен орындалады. Аңшылыққа байланысты туған. Орман-таулы жерді мекендеген қазақтар арасында көп тараған. Онда аңшының орманда кездескен аңқау аюды тапқырлықпен шапшаң әрі епті қимыл-жүрісімен алдауы, соңында көңілі шат аңшының қайта-қайта басын ішке алып аунап түсуден әбден қалжыраған аюға мініп кете баруы би тілімен өрнектеледі.

“Аю биінің” көптеген нұсқалары бар. Балетмейстер Я.В. Романовский 1949 ж. Моңғолияда тұратын қазақтардың орындауында осы бидің бір түрін жазып алған.

Жоғары