Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қаратау кекіресі (лат. Oxytropіs karatavіca) – бұршақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Қаратау кекіресі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қаратау кекіресі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Tracheophyta
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Fabaceae
Тайпасы: Fabeae
Тегі: Қаратау кекіресі
Павлов

Қаратау кекіресі (лат. Oxytropіs karatavіca) – бұршақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Биіктігі 8 – 15 см, тамыры жуандау келген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұзындығы 0,5 – 1,5 см-дей. Қандауыр тәрізді жапырақтарының ұзындығы 5 – 12 см, сыртын ақ түк жапқан. Гүлсидамы ақ, қара түкті. Тостағанша жапырақтары түтікше, қоңырау тәрізді, ұзындығы 7 – 9 мм. Күлтесі қарақошқыл-күлгін түсті, оның шеті ойық, біртіндеп созылып тырнақшаға айналған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусымда гүлдеп, маусым – шілде айларында жемісі піседі. Тұқымы бүрлі, бұршағы жарғақты, домалақ, жұмыртқа пішінді, ұзындығы 15 – 25 мм, ені 15 мм-дей, сыртында теңбілді дағы бар, ақшыл жұмсақ түк жапқан.

Өсетін аймағы, қорғалуы

Қаратау кекіресі тек Қаратауда ғана кездеседі. Сирек кездесетін эндемик өсімдік. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жоғары