| QOSTANAI | |
| «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалы | |
| |
| Ел |
|
|---|---|
| Хабар тарату аумағы | |
| Хабар тарату уақыты | 14 сағат |
| Хабар тарату тілдері | қазақша, орысша |
| Басқару орталығы | Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 126 |
| Арнаның тақырыптамалары | әмбебап |
| Хабар таратуын бастады | 1 ақпан 1991 жыл |
| Иесі | |
| Директоры | Ержан Иманжанұлы Қожабеков |
| Бұрынғы атаулары | Қазақстан-Қостанай |
| Сайт | |
«Qostanai» телеарнасы — РТРК «Қазақстан» АҚ меншігінде орналасқан, Қазақстан медиа нарығында 1991 жылдан бері қызмет атқаратын телевизиялық арна. Телеарна облыстың 98 % аумағын және облыс қалаларын 100 % қамтиды. Ақпарат тарату үшін ЦЭТВ (барлық РТС арналары) және ОТАУ ТВ арналарын пайдаланады.
Иесі
«Qostanai» телеарнасының құқық иесі — РТРК «Қазақстан» АҚ.
Тарихы
1991 жылдан бері медиа нарықта жұмыс істеп келе жатқан «Qostanai» телеарнасы облыстың негізгі елді мекендерін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні телеарна облыс аумағының 98 % және қалалардың 100 % ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қамту аумағы
«Qostanai» телеарнасы ақпараттық тарату аумағы ретінде ЦЭТВ (барлық РТС арналары) және ОТАУ ТВ арналарын пайдаланады.
Бағдарламалық бағыттары
«Qostanai» телеарнасы ақпараттық және ойын-сауықтық бағыттарды ұстанады, кең аудиторияның сұранысын қанағаттандырады. Эфирде мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық бағдарламалар көрсетіледі. Сонымен қатар, ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік-қоғамдық, танымдық және мәдени бағдарламалар да ұсынылады. Көрермендердің негізгі қызығушылығы музыкалық, ойын-сауықтық және рухани-өнегелік жобаларға бағытталған.
Тарату уақыты
Телеарна күніне 14 сағат таратылады. Өз бағдарламаларының үлесі 54 % құрайды. Бағдарламалар 70 % қазақ тілінде, 30 % орыс тілінде көрсетіледі.
Бағдарламалар
- «ARQA AQPARAT»
- «АРТА AQPARAT»
- «Бірінші студия»
- «Первая студия»
- «Елбесік»
- «Регион 10»
- «Агробизнес»
- «Білгенге маржан»
- «ЭтноӘлем»
- «Ақсұлу»
- «Мой почерк»
- «Менің қолтаңбам»
- «Ел мүддесі»
- «Диалог»
- «Талант Time»
- «Тобыл тынысы»
- «Тема»
- «Тақырып»
- «Субботний вечер»
- «Сенбілік кеш»
- «Дарын»
- «Силуэт»
- «Сымбат»
- «Дабыл»
- «Жить»
- «Халық мұрасы»
- «36.6»
- Алфавит бойынша телеарналар
- Қазақстан телеарналары
