| Каха Каладзе | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Кахабер Карлович Каладзе | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 27 ақпан 1978 (48 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Самтредиа, Грузин КСР | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 186 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кахабер Каладзе (груз. კახაბერ (კახა) კარლოს ძე კალაძე; 27 ақпан 1978, Самтредиа, Грузин КСР, КСРО) — грузин футболшысы, қорғаушы.
Карьерасы
Клубтық
Грузия футболы тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Грузияның 2001, 2002, 2003, 2006 жылдарғы үздік футболшысы. Карьерасын 1993 жылы Тбилисидің "Динамосында" бастады. Клуб сапында бес рет Грузия чемпионы атанды. 1998 жылы Киевтің "Динамосына" ауысты да, үш дүркін Украина чемпионы атанды.
2001 жылы Италияның "Милан" клубына өтті. "Милан" сапында мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді, екі рет Чемпиондар Лигасын (2003, 2007), бір рет УЕФА суперкубогын (2003) ұтты да, бір рет клубтар арасындағы әлем чемпионы (2007) атанды.
2010 жылы жазда еркін агент ретінде "Дженоаға" ауысып, екі жылдан соң карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама
15 жыл бойы Грузия құрамасында ойнап, 50 матчта капитан ретінде алаңға шықты. 2011 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады. 2013 жылы 2 маусымда Каладзе қоштасу ойынын өткізіп, оған Каннаваро, Тони, Фернанду Коуту, Шота Арвеладзе, Шовковский, Ващук, Мальдини, Фламини, Оддо, Гроссо секілді танымал футболшылар қатысты.
Жеке өмірі
2001 жылы Кахабердің інісі Леванды әлдекімдер ұрлап кетіп, 600 мың доллар талап етті. Бұл іске Грузия президентінің өзі араласқанымен шешіле қоймады. Кахабер "інім табылмаса ұлттық құрамада ойнамаймын" деп те мәлімдегенімен, кейін бұл ойынан айныды. 2005 жылы інісінің өлі денесі табылды. Оған кінәлі ретінде екі адам түрмеге жабылды.
Жетістіктері
Командалық
- «Динамо» (Тбилиси)
- Грузия чемпионы (4): 1994, 1995, 1996, 1997
- Грузия кубогы (4): 1994, 1995, 1996, 1997
- «Динамо» (Киев)
- Украина чемпионы (3): 1998, 1999, 2000
- Украина кубогы (3): 1998, 1999, 2000
- «Милан»
- Италия чемпионы: 2004
- Италия кубогы: 2002/03
- Италия суперкубогы: 2004
- Чемпиондар Лигасы (2): 2002/03, 2006/07
- УЕФА суперкубогы: 2003, 2007
- Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2007
Жеке
- Грузиядағы жыл футболшысы (4): 2001, 2002, 2003, 2006
Сілтемелер
- Биография 17 сәуірдің 2010 жылы.
- 27 ақпанда туғандар
- 1978 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Самтредиада туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Грузия футболшылары
- Динамо Тбилиси ФК ойыншылары
- Динамо Киев ФК ойыншылары
- Милан ФК ойыншылары
- Дженоа ФК ойыншылары
- Грузия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
