Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

49°00′ с. е. 80°00′ ш. б. / 49.000° с. е. 80.000° ш. б. / 49.000; 80.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°00′ с. е. 80°00′ ш. б. / 49.000° с. е. 80.000° ш. б. / 49.0

Абай облысы

  • Басты бет
  • Абай облысы

Абай облысы — 2022 жылы құрылған Қазақстанның шығысындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Семей қаласы.

Қазақстан облысы
Абай облысы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Семей

Аудандар саны

10

Ауылдық округтер саны

134

Кенттік әкімдіктер саны

2

Қалалық әкімдіктер саны

4

Ауыл саны

322

Әкімі

Берік Уәли

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°00′ с. е. 80°00′ ш. б. / 49.000° с. е. 80.000° ш. б. / 49.000; 80.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°00′ с. е. 80°00′ ш. б. / 49.000° с. е. 80.000° ш. б. / 49.000; 80.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

8 маусым 2022 жыл

Жер аумағы

185,5 мың км² (6-шы орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Экономикалық ауданы

Шығыс Қазақстан

Тұрғындары
Тұрғыны

601 849 адам (2025)(15 орын)

Тығыздығы

3,14 адам/км² (16 орын)

Ұлттық құрамы

қазақтар (78,78%), орыстар (16,00%), татарлар (1,84%), немістер (1,39%), украиндар (0,53%), ұйғырлар (0,18%), басқа ұлт өкілдері (1,28%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Семей қаласы, Мұхамедханов көшесі, №8

Абай облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Абай облысы

Абай облысы оңтүстігінде Жетісу, солтүстік-батысында Павлодар, батысында Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.

Мазмұны

Тарихы

XIX ғасырда Абай өңірінде Орта жүздің Найман (бұра, тәуке, қаратай, қаракерей, матай, садыр, төртуыл, терістанбал, ақнайман, байжігіт, жұмық, қарауылжасақ, сыбан), Арғын (Бәсентиін, Қаракесек, Тобықты), Тарақты, Керей және Уақ рулары мекендеген.

Абай облысының ізашары Семей облысы 1939 жылғы 14 қазанда құрылды. Құрамына Семей қаласы мен Абыралы, Ақсуат, Аягөз, Белағаш, Жаңасемей, Жаңа Шүлбі, Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Үржар, Шұбартау, Шыңғыстау аудандары кірді.

1939 жылғы 16 қазанда Шар ауданы құрылды.

1940 жылы Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертілді.

1944 жылы Белағаш ауданы Бородулиха болып өзгертіліп, Жаңа Покров ауданы құрылды.

1955 жылы Абыралы, 1957 жылы Жаңасемей аудандары таратылды.

1959 жылы Бесқарағай ауданы Павлодар облысынан Семей облысына берілді.

1962 жылы Бородулиха ауданы таратылды.

1963 жылы бұрынғы әкімшілік аудандардың орнына Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар ауылдық аудандары құрылды. Солармен бірге Шар өнеркәсіптік ауданы құрылды. Аягөз облыстық бағыныстағы қалаға айналды.

1964 жылдың соңында Шар өнеркәсіптік ауданы таратылып, Ақсуат және Шұбартау аудандары құрылды.

1966 жылы Жаңасемей, 1969 жылы Мақаншы, 1970 жылы Жаңа Шүлбі, 1972 жылы Шар, 1980 жылы Таскескен, 1990 жылы Абыралы аудандары құрылды.

1996 жылы Жаңасемей және Таскескен аудандары таратылды.

1997 жылғы 23 қаңтарда Жаңа Шүлбі ауданы таратылды.

1997 жылғы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аумағы түгелдей Шығыс Қазақстан облысына берілді.

2022 жылғы 8 маусымда бұрынғы Семей облысының аумағында Абай облысы құрылды. Құрамына Шығыс Қазақстан облысынан Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары берілді. Сонымен бірге Тарбағатай ауданынан Ақсуат ауданы бөлініп, бөлек аудан болып қайта құрылды.

2024 жылғы 1 қаңтарда жаңадан Жаңасемей, Мақаншы аудандары құрылды.

Халық саны және көші-қоны

2024 жылғы 1 қарашаға облыс халқының саны 603,8 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 373,6 мың адам (61,9%), ауыл тұрғындары – 230,2 мың адам (38,1%).

Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-қазанда 3477 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4002 адам).

2024 жылғы қаңтар–қазан айларында туылғандар саны 8396 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-қазанға 4,9% кем), қайтыс болғандар саны 4560 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар- қазанға сәйкес 3,8% көбейді).

2024 жылғы қаңтар–қазан айларында көші-қонның айырмасы теріс қалыптасты және - 7274 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар- қазанда - -5954 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -401 адам (-336), ішкі көші қонда – -6873 адам (-5618).

Экономикасы

2024 жылғы қаңтар–маусыммен жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1299791,4 миллион теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 3,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 50,5%, қызметтер көрсету – 42,8% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың қарашасында 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 5,3%, азық-түлік емес тауарлардың–7,8%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы–12% өсті.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы қарашада өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 24,3% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-қарашасында бөлшек сауда көлемі 528349,1 миллион теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2% көп.

2024 жылғы қаңтар–қарашада көтерме сауда көлемі 336501,3 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,6% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар–қазан ЕАЭО елдерімен өзара сауда 530251,1 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар–қазанмен салыстырғанда 71,9% азайды, оның ішінде экспорт – 188730,0 мың АҚШ долларын (53,9% азайды), импорт – 341521,0 мың АҚШ долларын құрады (4,1% көбейді).

Еңбек және табыс

2024 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны 14,3 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады.

2024 жылғы 1 желтоқсанда жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 18,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 5,8% болып қалыптасты.

2024 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 334507 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы III тоқсанға 14,2% құрады.

2024 жылғы III тоқсанда нақты жалақы индексі 105,4% болып қалыптасты.

2024 жылғы II тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 176974 теңгені құрады. 2023 жылғы II тоқсанға қарағанда 9,3% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 101,2%

Ішкі саясаты

Әкімдігі

Толық мақаласы: Абай облыстық әкімдігі

Абай облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган.

Мәслихаты

Толық мақаласы: Абай облыстық мәслихаты

Абай облыстық мәслихаты — Абай облысының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, сайланбалы орган.

Әкімшілік-аумақтық құрылысы

 
Облыстың 2022 жылғы әкімшілік бөлінісі

Абай облысы 2 облыстық маңызы бар қала мен 10 ауданға бөлінген:

Халқының саны (2009, 2021)
Облыс аудандары мен қалалары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауданы 15258 ▼14240 93,3 7600 ▼7143 94 7658 ▼7097 92,7
Ақсуат ауданы 21276 ▼19916 93,6 10822 ▼10209 94,3 10454 ▼9707 92,9
Аягөз ауданы 74572 ▼66956 89,8 36968 ▼33678 91,1 37604 ▼33278 88,5
Бесқарағай ауданы 22210 ▼18296 82,4 10873 ▼9056 83,3 11337 ▼9240 81,5
Бородулиха ауданы 40167 ▼33647 83,8 19601 ▼16495 84,2 20566 ▼17152 83,4
Жаңасемей ауданы 25228 ▼20868 82,7 12456 ▼10524 84,5 12772 ▼10344 81
Жарма ауданы 44770 ▼37460 83,7 22359 ▼18951 84,8 22411 ▼18509 82,6
Көкпекті ауданы 18375 ▼13932 75,8 9256 ▼7116 76,9 9119 ▼6816 74,8
Мақаншы ауданы 32135 ▼27467 85,5 16008 ▼13850 86,5 16127 ▼13617 84,4
Үржар ауданы 51039 ▼43643 85,5 25446 ▼21961 86,3 25593 ▼21682 84,7
Курчатов қаласы 10127 ▲10411 102,8 4817 ▲5084 105,5 5310 ▲5327 100,3
Семей қаласы 299264 ▲303210 101,3 137702 ▲144221 104,7 161562 ▼158989 98,4
Жалпы 629193 ▼589358 93,7 301452 ▼287764 327741 ▼301594 92
 
 
Семей
 
Курчатов
 
Аягөз
 
Шар
Абай облысының қалалары

Абай облысының құрылу барысында Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы екі аудан шағындалып, облыстар құрамдарына бөлінді:

  • Тарбағатай ауданы: әкімшілік орталығы Ақжар ауылы болып Тарбағатай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамында қалдырылды; әкімшілік орталығы Ақсуат ауылы болып Ақсуат ауданы құрылып, Абай облысы құрамына енді.
  • Көкпекті ауданы: Шығыс Қазақстан облысы құрамына Самар ауылы орталығы болып Самар ауданы, орталығы Көкпекті ауылы болған Көкпекті ауданы Абай облысы құрамына енді.

Әкімдері

  1. Нұрлан Телманұлы Ұранхаев (11 маусым 2022 – 14 ақпан 2025)
  2. Берік Уәли (14 ақпан 2025 бастап)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 22, 2026

    Жетіқарақшы

  • Сәуір 04, 2026

    Алакөл ауданы

  • Наурыз 21, 2026

    Мемлекет

  • Наурыз 29, 2026

    Жүгіру

  • Сәуір 03, 2026

    Көптік жалғау

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары