Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Абдолла Қарсақбаев (2 қазан 1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 2 қыркүйек 1983, Алматы) — кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қай

Абдолла Қарсақбаев

  • Басты бет
  • Абдолла Қарсақбаев

Абдолла Қарсақбаев (2 қазан 1926, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 2 қыркүйек 1983, Алматы) — кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978).

Абдолла Қарсақбаев
Жалпы мағлұмат
Туған күні

2 қазан 1926 (1926-10-02)

Туған жері

Қарақастек ауылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

Қайтыс болған күні

2 қыркүйек 1983 (1983-09-02) (56 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, КСРО

Азаматтығы

 КСРО

Мамандығы

режиссёр

Бағыты

социалистік реализм

Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.

1956 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін М.Э. Чиаурелидің тобында бітірген.

1947–1983 жылдары «Қазақфильм» студиясында режиссер болды.

Шығармашылығы мен марапаттары

"Ана мен бала" (1955), "Егер біздің әрқайсымыз..." (1961, екеуін де реж. С.Қожықовпен бірге), "Қанатты сыйлық" (1956, А.Слободник және Э.И. Файкпен бірге), "Ботакөз" (1957, Е.Е. Аронмен бірге) атты көркем фильмдерді қоюға қатысты.

Тарихи тақырыпқа "Қилы кезеңде" (1968), "Даладағы қуғын" (1979, КСРО ХШЖК-нің күміс медалі) секілді фильмдерді, "Менің атым Қожа" (1963, Т.Дүйсенбаевпен бірге, 1964 жылы өткен Орта Азия мен Қазақстан кинематографияшыларының байқауының және 1967 жылы Канн қаласында өткізген халықаралық кинофестивальдың дипломына ие болды), "Балалық шаққа саяхат" 1969), "Менің ағам" (1972), "Қатарыңнан қалма" (1974, телефильм); "Оу, ковбойлар" (1975), "Алты жасар Алпамыс" (1976; 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық 10 кинофестивальдің жүлдегері), "Балалық шақтың кермек дәмі" (1982) көркем фильмдерін, сонымен қатар "Қазақ халқының қолөнері" (1958), "Торғай шегі" (1963), "Черкасск қорғаны" (1970), "Ақтөбе" (1972), т.б. деректі фильмдерін қойған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Химиялық формула

  • Наурыз 23, 2026

    Қайта құру кезеңі

  • Сәуір 04, 2026

    Еуразия тілдері

  • Сәуір 04, 2026

    Қазақстан Конституциясы

  • Наурыз 21, 2026

    Робот

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары