Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Абердин-ангус сиыры — сиырдың етті тұқымы. 1917 жылы Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Қазақстанға 1932 жылы Англиядан әкелінді.

Абердин-ангус сиыры

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абердин-ангус сиыры — сиырдың етті тұқымы. 1917 жылы Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Қазақстанға 1932 жылы Англиядан әкелінді. Батыс Қазақстанда өсіріледі.

Қара және қызыл абердин-ангус сиырлары

Сиыр тұқымдардың ішіндегі өте сапалы ет беретін тұқым болып саналады, бірақ жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді. Тез жетіледі. Абердин-ангус сиырының түсі көбінесе қара, мүйізсіз тоқал болып келеді. Шоқтығына дейінгі орташа биіктігі 118,5 см, кеудесінің орамы 190 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 148 см, жіліншігінің орамы 19 см болады. Сиыры 550–600 кг, бұқасы 750–800 кг, бордақыланған өгізшелері 14 – 15 айлығында 400–450 кг орташа салмақ тартады, 60% таза ет, сауын маусымында әр сиыр 2000 кг сүт береді. Өзінің биологиялық ерекшеліктерін көрсету үшін жақсы азықтандырып, бағып-күтуді қажет етеді. Сондықтан да Абердин-ангус сиырын жемшөп қоры мол, ауа-райы қоңыр-салқын келетін аудаңдарда өсіру тиімді. Абердин-ангус сиыры Батыс Қазақстанда өндірістік будаңдастыру және жергілікті мүйізді ірі қара малдың жаңа тұқымдық топтары мен Қостанай облысында кең тараған Әулиекөл сиырын шығаруда пайдаланылды.

Жоғары