| Абзал Сапарбекұлы | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 16 шілде 2024 жылдан бастап | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Жәнібек Әбдрашов | |||
| ||||
| 5 сәуір 2017 — 15 наурыз 2022 | ||||
| Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Жансейіт Түймебаев | |||
| Ізбасары | Еркебұлан Сәпиев | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Білімі | Таяу Шығыс техникалық университеті | |||
| Дүниеге келуі | 6 тамыз 1975 (51 жас) Жуалы ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
| Сайты | Елшілік | |||
| өңдеу | ||||
Абзал Сапарбекұлы (6 тамыз 1975, Жамбыл облысы) — қазақстандық шенеунік, дипломат және І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл. 2024 жылдан бастап қызметтегі Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елші.
Өмірбаяны
1975 жылы 6 тамызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келді.
1999 жылы Түркиядағы Таяу Шығыс техникалық университетін “халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін Астанаға қайтып келіп “Окан-Интер-Континенталь” қонақ үйінің аудиторы болды.
Дипломатиялық мансабын 2000 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Таяу және Орта Шығыс, Мағриб және Африка бөлімінің референті болып бастады.
2003—2008 жылдары Қазақстаның Түркиядағы Елшілігінде атташе, үшінші және екінші хатшы;
2008 жылы Қазақстан темір жолы компаниясы Халықаралық ынтымақтастық және протокол департаментінің директоры;
2008—2011 жылдары Қазақстанның Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропалық бөлімшесіндегі Тұрақты Өкілдігінің кеңесшісі;
2011—2014 жылдары Түркі кеңесінің хатшылығының директоры;
2014—2017 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып еңбектенді.
2017 жылғы сәуірде Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.
4 айдан кейін Түркия және Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылғы наурызда лауазымынан босатылып, 1 айдан кейін “Отандастар” қорының президенті атанды.
Сол жылғы жаздан бастап Ұлттық Құрылтайдың мүшесі.
2 жыл президент болып еңбектенгеннен кейін 2024 жылғы жазда Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды.
Жеке өмірі
Үйленген, 4 баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Марапаттары мен атақтары
- І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
- 6 тамызда туғандар
- 1975 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жуалы ауданында туғандар
- Қазақстанның Түркиядағы елшілері
- Қазақстанның Мажарстандағы елшілері
- Қазақстанның Албаниядағы елшілері


