
Абиссаль аймақ (гр. түпсіз терең) — мұхиттар мен теңіздердің біршама терең аймақтары. Әдетте абиссаль шамамен 3000 м тереңдіктен басталады деп есептеледі. Мұндағы су полюстерден экваторға қарай өте баяу ағады, темпиратурасы 1-2С, полюстерде 0С-дан да төмен; тұзды, тығыздығы тұрақты және түбіне күн сәулесі жетпейді. Соның әсерінен өзіне ғана тән жануарлар дүниесі болады. Әлемдік мұхит түбінің 90-ін әртүрлі микроорганизмдер мен жануарлар қалдықтарынан (органогенді), теңіз ағысы алып келген тау жыныстары мен минералдардан, жанартау атқылауынан кейінгі заттардан түзілген абиссаль шөгінділер жапқан.
- Мұхиттану