Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эволюциялық даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңб

Адай жылқысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Адай (айрық) деген бетті қараңыз.

Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эволюциялық даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түрікмен жылқысы – Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа, омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биіктігі - 140,3 см., тұрқы - 142,7 см,, кеуде орамы - 163,3 см., жіліншіктің орамы - 17,6 см.. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52-58%. Тәулігіне орта есеппен 8-11 л. сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40-50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.

Жоғары