| Адай үстірті | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 300 м |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы |
Адай үстірті немесе Адай-Өлкейек үстірті – Торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігін алып жатқан үстірт.
Географиялық орны
Қостанай облысының ортаңғы бөлігіндегі бірнеше аудандарды қамтиды. Солтүстігінде Қостанай жазығымен (Қамыс-Диевка желісі бойынша), оңтүстігінде Ақтөбе, Қарағанды облыстары аумағымен шектеседі.
Жер бедері
Жер бедері негізінен жазық келген. Тек кейбір жері Обаған аңғары және Сыпсыңағаш қолатымен (Обағанның ежелгі сол салаларымен) тілімденген. Абсолюттiк биіктігі 300 м. Үстірттің кейбір жерлерінде төрткілді оқшау таулар (Қоңыртау тауы, т.б.) кездеседі.
Санаттар:
- Алфавит бойынша үстірттер
- Уикипедия:Уикипедия:Географиялық координаттары көрсетілмеген географиялық мақалалар
- Қостанай облысы таулары

