Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аза малы - дәстүрлі қазақ қоғамында қайтыс болған адамның үйіне басқа адамдар тарапынан қазаны атқаруға байланысты (ысқат, жерлеу, жетісін, қырқын, жылын атқару

Аза малы

  • Басты бет
  • Аза малы

Аза малы - дәстүрлі қазақ қоғамында қайтыс болған адамның үйіне басқа адамдар тарапынан қазаны атқаруға байланысты (ысқат, жерлеу, жетісін, қырқын, жылын атқаруға) кеткен шығындардың орнын толтыруға үлес ретінде берілетін мал мен дүние-мүлік.


Аза малына қолғабыс, жәрдем беру сияқты әрекеттер де кірді. Қаралы үйдің шығынын өлген үйдің жанашыр туыстары, құда-жекжаттары, дос-жаран, тамыр-таныстары көптеп көтеріп әкетеді. Ы.Алтынсариннің жазуына қарағанда, қаралы үйге дәулеті мен қайтыс болған адаммен арадағы байланысы мен сыйластығы, туыстығына қарай бата оқуға келгендер екі, үш, жеті, он жылқы немесе соншама түйе әкелді. Алыс-жақында тұратын туған-туыс, жанашыр ағайындары, достары болса, ысқатқа, жерлеуге шыққан шығын орнын толтыру үшін әркім өз мүмкіндігіне қарай бірнеше жылқы немесе түйе береді.

Ертеде азаға атан түйе, көбінесе жылқы беруге шамасы жетпегендер қой беретін. Бірақ, ешкі немесе сиыр малы берілмейді. Кедейлер болса мата берумен шектелетін. Ал, көңіл айтушылар мен қайғыға ортақтасқан көрші, ауылдас, жерлестер тарапынан материалдық көмек берудің бұл түрі мал немесе ақша түрінде болды. Сондай-ақ, осыған қоса ауылдастары аза шарасына байланысты ауыр жұмыстарды бөліп атқарды. Қазіргі кезде аталмыш ғұрыптық іс-шараларда берілетін мал мен мүліктің орнына көбінесе ақша жүреді. Қазақ қоғамында мейірімділікке, ізгілікке негізделген бұл салттың ағайын-туыс, ел-жұрттың ынтымағын сақтаудағы үлкен әлеуметтік мәні болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Жазғы уақыт

  • Сәуір 04, 2026

    Қалмақ хандығы

  • Сәуір 03, 2026

    Иврит тілі

  • Сәуір 03, 2026

    Тоқ ішек

  • Наурыз 13, 2026

    Көз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары