«Айбын» ордені — 1995 ж. белгіленді.
| «Айбын» ордені I дәреже | |
|---|---|
![]() | |
| II дәреже | |
|---|---|
![]() | |
| III дәреже | |
|---|---|
![]() | |
| Мемлекет | |
| Түрі | Орден |
| Жағдайы | беріледі |
| Негізделді | 12 желтоқсан 1995 жыл |
| Жоғары марапаты | «Даңқ» ордені |
| Төменгі марапаты | «Парасат» ордені |
| Order of Valour (Kazakhstan) Ортаққорда | |
Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayincіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады.
-
I дәрежелі «Айбын» ордені -
II дәрежелі «Айбын» ордені -
III дәрежелі «Айбын» ордені
«Айбын» орденінің үш: I, II және III дәрежелері болады.
І және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады.
III дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады.
Тағы қараңыз
- Қазақстанның мемлекеттік марапаттары